BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Алматы қаласының инвестиция көлемі биыл 25% артты – Бауыржан Байбек

Фото: автор

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. 10 жыл ішінде шаһарымызға 22,2 млрд доллар инвестиция тартылды. Биылғы жылы инвестиция көлемі 25%, соның ішінде шетелдік инвестициялар 24% артты. Бұл туралы Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек «Almaty Invest» халықаралық форумында айтты.

Осымен 6 рет өткізіліп отырған бұл форумға елімізден және шетелден мыңнан аса делегат қатысуда. Иынның ашылуы барысында сөз сөйлеген Бауыржан Байбек, Алматы қаласының бизнес жасауға өте ыңғайлы екендігін айта келе, шаһардың мүмкіндіктеріне тоқталып өтті.

«Алматы экономикасы 35 млрд долларды құрайтын Орталық Азиядағы ең дамыған мегаполистердің бірі. Қаладағы алпы өңірлік өнім жан басына шаққанда 20 мың долларды құрайды. Қаламызға халықаралық компаниялар инвестицияны белсенді құюда. Елбасының сарабдал саясатының арқасында Тәуелсіздік жылдарында мегаполис экономикасы 100 есеге, халық табысы 20 есеге артты. Бүгінгі күні қала экономикасының 86% сауда және қызмет көрсету құрайды. Шағын және орта бизнестің үлесі 40%, яғни Алматыда мұнайдан тәуелсіз тұрақты экономика қалыптасқан», - дейді ол.

Сондай-ақ ол, осыған дейінгі форумдар аясында жалпы сомасы 1 млрд долларды құрайтын 40-тан астам меморандумға қол қойылғандығын және қазірге дейін жалпы құны 400 млн құрайтын 12 жоба іске асып жатқанын айтып өтті.

«Алматы мың жылдық тарихы бар шаһар. Ұлы Жібек жолы бойындағы ең ірі нарық. Алматы өмір сүру мен бизнес жүргізуге қолайлы қала. Бүгіннің өзінде қала экономикасындағы мемлекеттік үлесі 2,4%. Мұнда еліміздегі ірі салық төлеуші компаниялардың үштен бірі орналасқан, 30-дан астам Транс ұлттық компания, бірлескен кәсіпорындардың 43% және ірі халықаралық ұйымдар бар», - деді қала әкімі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
29 Желтоқсан 2018, 12:45
Алматы әуежайы 2,5 есе ұлғаяды
Пікірлер