Әлеуметтік нанға 59 млн теңге дотация қарастырылған - Қазақстан экономикасы|26 Қаңтар 2016, 11:15
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Әлеуметтік нанға 59 млн теңге дотация қарастырылған

Астана. 26 қаңтар. Baq.kz - Алматы әкімі Орталық коммуникациялар алаңындағы брифинг барысында әлеуметтік нанға 59 млн теңге дотация қарастырылғандығын мәлімдеді. 

- Әлеуметтік нанмен қамтамасыз ету шаралары қолға алынуда. Әсересе, аз қамтылған зейнеткерлерге 59 млн. теңге сомасында нан бойынша дотация қарастырылған, - деді Бауыржан Қыдырғалиұлы.

Айта кетейік, жалпы қала бойынша ағымдағы жылы әлеуметтік мәселелерді шешуге арналған шығындар 1,8 млрд теңге сомасына дейін артқан.

- Оның 145 млн теңгесі - аз қамтылған отбасылардағы оқушыларға арналған жаңа ас мәзірі бойынша; 1,4 млрд теңге - азаматтық қызметкерлердің жалақысын көтеру (мед. қызметкерлер) еңбекті төлеудің жаңа моделі бойынша және 177 млн теңге -мүгедектерді әлеуметтік қолдауға қарастырылып отыр, - деді әкім. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер