Алдағы үш жылда елордадағы білім беру саласын дамытуға 129,8 млрд теңге бөлінеді - Қазақстан экономикасы|03 Қараша 2017, 11:23
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Алдағы үш жылда елордадағы білім беру саласын дамытуға 129,8 млрд теңге бөлінеді

Астана қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында білім беру, жастар саясаты және спорт салалары тұрғысындағы 2018-2020 жылдарға арналған елорда бюджетінің жобасы ұсынылды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Астана әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы жетекшісінің орынбасары Айжан Түгелбаеваның келтірген мәліметтеріне қарағанда, білім беру саласында ұсынылатын қызметтердің қолжетімділігін және сапасын қамтамасыз ету үшін 2018-2020 жылдарға Астана қаласының бюджетінен 129,8 млрд теңге қарастырылған. Оның 519,6 млн теңгесі – халықтың мақсатты топтарына жататын 30 мың баланың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруіне, 19,2 млрд теңгесі - ТжКБ алуға мемлекет кепілдігі шартымен мемлекеттік білім тапсырысын орналастыруға бөлінеді деп жоспарлануда.

«Мектептерге келетін болсақ, оқушылар саны көп 36 мектепті, оның ішінде үш ауысымда білім беретін 11 мектептің проблемаларын шешу үшін 2018 жылдың бюджетінде 9 жаңа мектеп пен 2 қосымша ғимараттың құрылысын аяқтауға, сондай-ақ, 15 мектеп пен 8 қосымша ғимараттың құрылысын жобалауға қаражат салынбақ», – деді Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы жетекшісінің орынбасары.

Сонымен қатар, оның мәліметтерінше 2018 жылы 5 білім беру нысанын күрделі жөндеуден өткізуге 1,2 млрд теңге, 1-4 сыныптың шамамен 65 мың оқушысын тегін тамақпен қамтамасыз етуге – 3,8 млрд теңге қарастырылды.

Ал жастар саясаты саласында үш жылдық кезеңге 1,9 млрд теңге қарастырылды, олардың есебінен мақсатты іс-шаралармен шамамен 80 мың адамды, оның ішінде 23 аула клубы негізінде 5 мың адамды қамту болжануда.

Бұқаралық спортты дамыту үшін 72 шынықтыру пәндері шегінде 2018-2020 жылдарға 30 млрд теңге қарастырылды. Жыл сайын шамамен 250 мың адамды қамтитын спорттық 550-ден астам іс-шараны өткізу жоспарлануда.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 10 спорт клубын және балалар мен жасөспірімдерге арналған 10 спорт мектебін, «Достық» спорт комбинаты» МКҚК және «Алау» мұз сарайын ұстау шаралары жүзеге асырылатындығын атап өту керек.

Бұдан бөлек, елорданың 20 жылдығын мерекелеу және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру барысында іс-шараларға баса назар аударылатын болады, олардың ішінде «Атамекен», «Рухани қазына», «Тәрбие және білім», «Ақпарат толқыны» деген 4 кіші бағдарлама бойынша шамамен 160 іс-шара қарастырылған.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер