Алдағы үш жылда Астанада 100-ден астам нысанның құрылысы аяқталмақ - Қазақстан экономикасы|18 Ақпан 2015, 12:12
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Алдағы үш жылда Астанада 100-ден астам нысанның құрылысы аяқталмақ

Астана. 18 ақпан. Baq.kz – Астананы дамыту жоспарына сәйкес бүгінгі күні бірқатар жобалар әзірленіп, алдағы үш жылда 100-ден астам түрлі нысандар қолданысқа берілмек. Бұл жайында бүгін тұрғындар алдында есеп берген елорда әкімі Әділбек Жақсыбеков мәлімдеді. 

«Бірнеше әлеуетті аудандарда кешенді құрылыс жұмыстарын жүргізу көзделген. Бірінші – «Мыңжылдық» аллеясы, екінші - «Мәңгілік ел» салтанат қақпасы аумағы, үшінші – Тұран даңғылы бойындағы тұрғын үй алабы, төртінші – «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығы аумағындағы «Жасыл орам» ғимараттар кешені» деді Астана әкімі өз сөзінде.

Қалада саябақ аймағы мен гүлбақтарын қалыпқа келтіру, абаттандыру жұмыстары да жүйелі түрде жүргізіледі. Өткен жылы 6 гүлбақ мен желекжол қалпына келтірілген. Ағымдағы жылы Жауқазын мен Арай көшелерінің қиылысындағы саябақ құрылысы басталды.

«Бұл жұмыс мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде жүргізілсе тиімдірек болар еді деп есептеймін. Біз саябақ аймақтары мен гүлбақтарында дәмханалар, қоғамдық дәретханалар, арнайы балалар аймағын салу үшін инвесторларды тартуды көздеп отырмыз. Олардан бөлек медициналық көмек бекеттері мен қоғамдық қауіпсіздікті қадағалау бекеттерін салу қарастырылмақ. Бұл ретте кіреберіс жолдарды, тротуарлар мен көлік қоятын аймақтарды салу, абаттандыру жұмыстары жіті назарда болады» дейді Ә.Жақсыбеков.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер