Астана. 1 шілде. Baq.kz – Кеше «Нұр Отан» партиясының Сайлауалды тұғырнамасының мониторингін іске асыру үшін құрылған «Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау» сарапшылар тобы, Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес болып өзгерді. Бұл туралы партияның жанындағы Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің алғашқы отырысында хабарланды.
Аталған Кеңеске сарапшылар тобының жұмысын жемісті басқарып келген ҚР Парламенті Мәжілісіндегі партия фракциясының мүшесі Айгүл Соловьева басшылық етеді. Кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің құрамына Парламент депутаттары, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының басшылығы, бизнес-қоғамдастықтың, мемлекеттік органдардың және белгілі сарапшылардың өкілдері кірді.
«Нұр Отан» партиясының жанындағы кәсіпкерлікті қолдау бойынша Республикалық қоғамдық кеңестің жұмысы Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен тығыз ынтымақтастық негізінде құрылған. Бүгінгі күні ынтымақтастықты нығайту туралы меморандумның шеңберінде партия мен ҰКП арасында тиімді жұмыс жүргізілуде, «Мықты бизнес – Қуатты мемлекет» жобасы іске асырылуда.
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!