Ә. Жақсыбеков «Astana Invest 2015» форумы жұмысына қатысты (ФОТО) - Қазақстан экономикасы|29 Қазан 2015, 19:00
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Ә. Жақсыбеков «Astana Invest 2015» форумы жұмысына қатысты (ФОТО)

Астана. 29 қазан. BAQ.kz - Астана әкімі Әділбек Жақсыбеков «Astana Invest 2015» VI Халықаралық инвестициялық форум жұмысына қатысты. 

Елорда әкімі Астанаға қызығушылық танытқан барлық қонақтарға алғысын білдірді.

«Еліміздің бас қаласында осындай ірі шараны өткізу біз үшін үлкен маңызға ие», - деді әкім өзінің алғы сөзінде.

Елорданың жетістіктерін көріп, бағалап отыратын әлемдік қауымдастықтың қызығушылығы ақталған. Атап айтқанда, 17 жыл ішінде қала халқының саны 3 есеге өсті, жалпы аймақтық өнім 65 есеге, өндіріс көлемі 17 есеге артты. Еліміздің жалпы аймақтық өнімі көрсеткішінде Астананың үлесі 3 есеге, инвестициялық көрсеткіштері 16 есеге өссе, елорданың құрылу кезеңінен бері 16 млн. текше метр тұрғын үй салынды.

«Осындай әл-ауқаттылыққа ие бола отырып, инвесторларды тарту кезінде әрқайсыларыңыздың іскерлік қызығушылықтарыңызды да ескереміз. Сондықтан, бізде жеке капиталға ешбір қауіп-қатерсіз нарықты игеру үшін ашық және түсінікті механизмдер жасалған және олар ұдайы жаңартылуда», - деді Ә. Жақсыбеков форум қатысушыларына.

Елорда әкімі құрамына № 1 Индустриалды парк пен жаңа әкімшілік-іскерлік орталық кіретін «Астана – жаңа қала» Арнайы экономикалық аумақ аясындағы кешенді шаралар мен ынталандырулар туралы айтты. Ә. Жақсыбековтың айтуынша, бүгінде № 1 Индустриалды паркте инвестиция көлемі 1 млрд. АҚШ долларын құрайтын 58 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Аталмыш кәсіпорындар жалпы құны 2 млрд. АҚШ долларынынан астам болатын өнім шығарып, қызмет көрсетті.

Елордада жүзеге асырылып жатқан «Смарт Астана» жобасы да назардан тыс қалмады. Қала инфрақұрылымын модернизациялау арқылы басқа да инновациялық технологиялар енгізілуде: Интеллектуалды көлік жүйесі мен Астана қаласының тіршілік ету әрекетін кешенді қамтамасыз ету жүйесі жұмыс істеуде.

Ә. Жақсыбеков инвесторларды өздері қатыса алатын салалар мен жобалардың сан алуандығына назар аударуға шақырды, бұған «Астана Инвест - 2015» форумы қозғаушы бола алады. Атап өту керек, форум аясында жалпы сомасы 1,9 млрд. АҚШ долларын құрайтын 34 меморандумға қол қойылады.

Елорда басшысы форум қатысушылары мен қонақтарға сәттілік тілеп, оларды ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесіне қатысуға шақырды.

Атап өтейік, форумға миллиардер Джим Роджерс, «fDi» журналының бас редакторы Кортни Фингар, жаһандық бәсекелестік индексінің авторы Ксавьер Сала-и-Мартин, SYSTRA компаниясының Шығыс Еуропа бойынша директоры Алан Годри, өмір сүруге ыңғайлы қалалар Орталығының даму мүмкіндіктері бөлімшесінің директоры О Туан Ки, World Free Zones Organization бас директоры Самир Амруни және тағы басқалары қатысты. Форум аясында «Астанада жасалған», Smart Астана», «Астана Expo-2017», «Заманауи қалалық көлік» секілді инвестициялық тартымдылықты көрсететін көрме-таныстырылымдар өткізілді. Көрмеде инвесторларға қызмет көрсету Орталығы жеке павильон ретінде ұйымдастырылған. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер