А.Белый: Қазақстанның көптеген қалаларында электр мен жылу энергиясы тапшы - Қазақстан экономикасы|04 Қараша 2015, 12:19
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

А.Белый: Қазақстанның көптеген қалаларында электр мен жылу энергиясы тапшы

Астана. 4 қараша. Baq.kz – Қазақстанның көптеген қалаларында электр және жылу энергиясына тапшылық немесе олардың шамадан тыс көп мөлшері сезіледі. Бұл туралы бүгін "Қазақстандағы энергиялық тиімді тұрғын үйлерді жобалауды және салуды ілгерілету" тақырыбында өтіп жатқан xалықаралық конференцияда БҰҰДБ - ЖЭҚ энерготиімділік бойынша жоба үйлестірушісі Александр Белый айтты.

"Азаматтарымыздың тұрмыс жағдайының жо­ғары болуы тұрғын үй-коммуналдық шаруашы­лы­ғы саласының сапасы мен деңгейіне тікелей байланысты екендігі белгілі. Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаев «Бола­шақ­тың іргесін бірге қалаймыз» атты Жолдауында «Азаматтардың өмір сапасының озық көрсеткіші - тұрғын үй жайлылығының деңгейі» деп атап көрсеткен болатын. Осыған байланысты энерготиімділік бойынша осы жылы бірқатар жұмыстар жүзеге асырылды. Жақсарту, энерготиімділік бойынша бірқатар нормативтерді орындау, жаңа ерікті «жасыл» стандарттарды енгізу бойынша жұмыстар жүргізілді. Бүгінгі таңда Қазақстанның көптеген қалаларында электр немесе жылу энергиясына тапшылық немесе шамадан көп тыс мөлшері сезіледі", дейді жоба үйлестірушісі.

"Бүгінде тұрғын үй салынып жатқанда құрылысқа рұқсат қағазы берілгенімен, алайда, бірінші кезекте энерготиімділік туралы ешкім ойламайды. Осыған байланысты біз енді құрылыс жүргізуге рұқсат бергенде энерготиімділіктің санатын бірден көрсетуді ұсынып отырмыз", деп атап өтті А.Белый.

Айта кетейік, аталған конференция БҰҰ мен ҚР Үкіметінің бірлескен «Тұрғын үйлер құрылысы мен энергия тиімді жобалау» жобасының қорытындысына арналып өткізілуде.

Дана Сағынбекқызы


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
14 Қаңтар 2019, 12:17
Мен ғой.
Пікірлер