Төрт банкке 410 млрд теңге көмек берілді – Ұлттық банк - Қазақстан экономикасы|01 Қараша 2017, 13:35
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Төрт банкке 410 млрд теңге көмек берілді – Ұлттық банк

Биыл БАҚ Ұлттық банк Қазақстандағы ірі банктерді қолдау бағдарламасының басталғаны туралы хабарлаған. Ондағы дерекке сенсек, бағдарламаға 500 млрд теңге жұмсалуы мүмкін. Бағдарламаның мақсаты – жұмыс істемейтін кредиттер проблемасын шешу. Осы орайда ҚР Парламенті Мәжілісінің Жалпы отырысынан кейін Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев журналистерге аталған бағдарлама бойынша қаржылай көмек алған банктерді атады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«Аталған бағдарламаға өтініш білдірген 4 банк: Еуразиялық банк, Цесна банк, БанкЦентрКредит, АТФ банк. Олар 410 млрд теңге көлемінде қаржылай көмекке ие болды. Денемен оларға ақша бірдей көлемде берілген жоқ. Мысалы әр банктегі қаржылық проблемаларға негізделіп, соның көлеміне байланысты берілді», - деді Ұлттық банк төрағасы.

Осыған дейін Ұлттық банктің банктерді бақылау жөніндегі департаментінің директоры Олжас Қазитов БАҚ өкілдеріне аталған бағдарламаның іске қосылуының басты себебі - жұмыс істемейтін кредиттер проблемасын шешуге бағытталғанын айтқан.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер