2017 жылдың алғашқы тоқсанындағы кедейлік деңгейі анықталды - Қазақстан экономикасы|15 Маусым 2017, 10:08
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

2017 жылдың алғашқы тоқсанындағы кедейлік деңгейі анықталды

Халықтың ең төменгі үлесін көрсететін (кедейлік деңгейі бойынша) отбасылық жекелеген зерттеу деректері бойынша халықтың табысы ең төменгі күнкөріс деңгейі 2017 жылдың I тоқсанында 2,6% құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 0,1 пайыздық тармаққа жоғарылады, деп хабарлайды BAQ.kz.

Статистика комитетінің мәлметіне қарағанда қала және ауыл халқының арасындағы кедейлік деңгейі мен арадағы айырмашылық бұрынғыдай сақталып отыр.

2017 жылдың I тоқсанында кедейлік деңгейінің ең үлкен мәні Оңтүстік Қазақстан (4,8%) және Жамбыл (3,8%) облыстарында, ал ең аз көрсеткіші Астана (0,8%) мен Алматы (0,9%) қалаларында тіркелді.

Децильдік топтар бойынша табыстарды талдау олардың таралуының әркелкілігін көрсетеді. 2017 жылдың I тоқсанында 2016 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда халықтың табыстарын саралау дециль бөлінісінде сақталып отыр. Бұл ретте 1-4 децильдердегі табыстардың жиынтық үлесі 10 децильдегі табыстардың үлесінің мәнінен артпайды.

Отбасылық тұтыну шығыстарының деңгейі олардың материалдық қамтамасыз етілуіне тікелей байланысты. Мысалы отбасындағы шығыс децильдік бөлу кезінде отбасылық кіріс сияқты айтарлықтай саралануды көрсетеді.

Сонымен, еліміз бойынша 2017 жылдың I тоқсанында азық-түлік тауарларына жұмсаған шығын 10% ең аз және 10% ең көп қамтамасыз етілген отбасылар арасындағы айырмашылық 4,3 есені, азық-түліктен басқа тауарларға – 7,3 есені, ал ақылы қызметтерге – 8,0 есені құрады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер