АСТАНА. Маусымның 8-і. BNews.kz – 2011 жылдың 1 шiлдесiнен Қазақстанға әкелінген автокөліктерді кедендік декларациялау Бірыңғай кедендік тариф (БКТ) мөлшерлемесі бойынша жүргізіледі. Бұл туралы бүгін «Жеке тұлғалар үшін автокөлікті жеңілдікпен кедендік рәсімдеу» атты баспасөз мәслихатында Алматы ДТК бастығының орынбасары Бақыт Тынысбеков мәлімдеді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қозғалтқышының көлемі 1800-3000 текше сантиметр автокөліктер үшін баж салығының мөлшерлемесі текше метріне 4 еуроны құрайды. Мысалы, қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметр автокөлік иесіне 12 000 еуро төлеуге тура келеді және оған 12 пайыз ҚҚС қосыңыз.
Қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден жоғары автокөліктер үшін баж салығының мөлшерлемесі текше метріне 5,8 еуроны құрайды. Яғни, егер шетел көлігі қозғалтқышының көлемі 4000 текше сантиметр болса, онда қазақстандық автокөлік тасымалдаушы 23 200 еуро және 12 пайыз ҚҚС төлейді.
http://www.bnews.kz/kk/news/post/52194/
Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!