17 жылдың ішінде Астанаға $100 млрд инвестиция тартылған - Қазақстан экономикасы|29 Қазан 2015, 12:23
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

17 жылдың ішінде Астанаға $100 млрд инвестиция тартылған

Астана. 29 қазан. Baq.kz – Бұл туралы Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өтіп жатқан «Astana Invest 2015» форумында Астана қаласының әкімі Әділбек Жақсыбеков мәлім етті. 

«Астанамыз аз уақыттың ішінде қарқынды дамыды. Оған дәлел - еліміздегі экономикадағы оң өзгерістер. Бүгінде ең озық, ұшқыр жобалар мен заманауи технологиялармен жұмыс істейтін жаңа өндіріс орындарының көптеп салынуы еліміздің қарқынды дамуын көрсетеді. 17 жылдың ішінде қала халқының саны үш есеге өсуі де еліміз үшін үлкен жетістік деп білемін. Бүгінде республикада аз уақыттың ішінде өнеркәсіп өндірісі 17 есеге артса, жалпы өңірлік өнім көлемі 65 есеге ұлғайды. Ал, Астанада бүгінде 16 млн шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді. Мұның барлығы қалаға 100 млрд доллардан астам ивестиция әкелуге мүмкіндік беріп отыр. Ал, бұл инвесторлар үшін жақсы мүмкіндік деп білемін» деді қала әкім.

Оның айтуынша, бүгінде Индустриалды паркте инвестиция көлемі 1 млрд долларға жуық 58 жоба жүзеге асырылып жатыр. Әрекет етуші кәсіпорындар 2 млрд доллардан астам қаражатқа өнім шығарып, қызмет көрсеткен.

Айта кетейік, Астанада «Astana Invest 2015» халықаралық инветициялық форум өтуде. Форум аясында индустриалды парктер мен өнеркәсіптік аймақтардың инвестициялық жобаларының көрмесі қойылған. 

Дана Сағынбекқызы


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер