«100 нақты қадам» трансқұрлықтық дəлізді дамытуға тың серпін береді - Қазақстан экономикасы|28 Қаңтар 2016, 11:16
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

«100 нақты қадам» трансқұрлықтық дəлізді дамытуға тың серпін береді

Астана. 28 қаңтар. Baq.kz - Инвестициялар жəне даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы Əсет Асаубаев еліміздің көліктік-логистикалық желісі мен транзиттік жолдарын дамыту мәселелерін сөз еткенде, Мемлекет  басшысының  айқындап берген Ұлт жоспарындағы қадамдар қай жобаларды алсақ та қанаттандыра түсетіндігін айтады. Әсіресе, ел экономикасының қоз­ғаушы күші болып отырған теміржол тасымалының жұмы­сына қазіргідей жаһандық және көрші елдерде орын алған экономикалық дағдарыстар өз әсерін тигізіп жатқан тұста өте маңызды екен. Сондай-ақ, жолаушылар көлігінің мəселелері жөніндегі заң жобасының аясында контейнерлік тасымалға жүретін мемлекеттік тарифтік реттеуді алып тастауды да көздеп отырған көрінеді.

Қазіргі өтпелі кезеңде жүк тасымалының азайып кетпеуі үшін барлық мүмкіндік қарастырылып жатқанын айтқан комитет төрағасы, бірқатар амал-шаралардың жүзеге асырылғанына тоқ­талды. «Теміржол тасымалы саласында жүк тасымалы көлемінің азайып кетпеуі үшін бірқатар шараларды қолға алдық. Атап айтсақ, тасымалдар көлемін арттыру мақсатында 2015 жылы отандық өндірушілерге қазақ­стандық өнімді тасымалдау үшін арнайы теміржол тарифтеріне жеңілдіктер берілді. Өз кезегінде бұл шара – отандық жүк жөнелтушілерге 4 млрд. тоннаға жуық жүктің тасымалданатынына кепілдік әперді. Екіншіден, транзиттік жүкті тасымалдауға икемді тарифтік саясат жүргізіліп отыр. Бұл осы жылғы тасымалдар көлемін 2014 жылдың деңгейінде сақтау үшін қолға алынған шара. Мысалы, 2015 жылдың 7 айында Қытайдан Еуропаға транзитпен өткен контейнерлік тасымалдардың көлемі 19 649 контейнерді құрады. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда үш есеге ар­тық», дейді комитет төрағасы.
Қазіргі экономикалық қи­ын жағдайларға қарамастан, теміржол тасымалының кө­лемін азайтпауға бағыт­талған өзге де шаралар туралы әңгі­ме­леген ол, контейнерлік та­с­ымалға қатысты мемле­кеттік тарифтік реттеу алынып тасталатыны жөнінде де айтты. «Үшіншіден, Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарына сəйкес, еуропалық трансқұрлықтық дəлізді дамыту үшін əзірленген заң жобасы контейнерлік тасымалдар кезінде магистральды теміржол желісінің қыз­меттеріне жүретін мемлекеттік тарифтік реттеуді алып тастауды көздеп отыр», деді ол.
Спикер елімізде соңғы жыл­дары пайдалануға беріл­ген теміржол магистраль­дары мен екі бірдей халықаралық өткізу бекеттері іске қосыл­ғаны жөнінде де баяндады. «Еліміздің батысынан Түрік­менстан мен Иран арқылы Парсы шығанағына шығатын Өзен – Болашақ теміржол желісі, сондай-ақ, Қытай елінің болат жолына барып қосылған Жетіген – Қорғас халықаралық бағыттарының ашылуы Қазақ­станның транзиттік әлеуетін арттырды. Осы кезге дейін осы екі жол арқылы 5 млн. тоннадан астам жүк тасымалданды. Ал қазір Алматы стансасын айналып өтетін ұзындығы 74,7 шақырымдық теміржол желісі құрылысының жобасын концессиялық негізде салу мәселелері пысықталып жатыр. Бұл жоба іске асса, бұл бағыттағы пойыздардың жүру уақыты тағы да еселеп қысқара түседі», деді Ә.Асаубаев.
Автожолдардың құрылысы мен су жолдарын тиімді пайдалану шаралары жөнінде баяндаған комитет төрағасы, алдағы уақытта Қазақстанның транзиттік жолдары әлі де әртараптана беретінін айтты. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер