BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ОҚО-да «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмінің тұсаукесері өтті

Астана. 13 мамыр. Baq.kz - Таяуда «Елбасы жолы» киноэпопеясының «Жұлдыздар тоғысқанда» фильмінің тұсаукесері Көрме орталығында өтті. Рәсімге белгілі актерлер Ғани Құлжанов, Дінмұхаммед Қонаевтың ролін сомдаған Алдабек Шалбаев пен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының өкілі Бекболат Шекеров қатысты, деп хабарлайды ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Фильм 1984 жыл мен 1991 жыл аралығындағы кезеңді қамтиды. Туынды жаңа тәуелсіз мемлекеттердің құрылуы, соның ішінде Қазақстан Республикасы туралы баяндайды. Бұдан бөлек, картина Қазақстанның Тұңғыш Президентінің елді реформалаудағы рөлі, сондай-ақ оның бүгінде жаһандық ауқымдағы жобаларға айналған бастамалары жөнінде әңгімелейді.

Фильм режиссері – РФ Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ресейдің халық әртісі Сергей Снежкин. Бұл - «Елбасы жолы» киноэпопеясының бесінші бөлімі. Картинада Нұрсұлтан Назарбаевтың ролін Берік Айтжанов сомдады. Сонымен қатар, Хью Фрейзер, Игорь Угольников, Сергей Гармаш, Дарья Мороз, Алексей Гуськов, Алдабек Шалбаев, Азамат Сатыбалды, Алтынай Нөгербек, Ғани Құлжанов, Еркебұлан Даиров, Жанель Мақажанова, Динара Бақтыбаева, Қарлыгаш Мұхамеджанова, Ричард Кордери, Азамат Сатыбалды, Стивен Пейси түрлі образдар сомдаған. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер