BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Қазақ киносы: «Абайдың ұлы жұмбағы» (ВИДЕО)

Астана. 27 мамыр. Baq.kz - Адамзаттың ақыл-ойының даму тарихы туралы сөз қозғалғанда, мына біз, қазақ ұлтының перзенттері, жат жұрттардың алдына даналықтың үлгісі ретінде неге Абайды мақтанышпен атаймыз?..
Әлем толық танып болмаған, олардың жүрегіне жетіп, санасына сіңбеген, оның үстіне мүлдем өзге ойлау жүйесі мен өмір сүру құбылысына ие тұлғаны дүниеауилық даналармен қатар қоюымызға, тіпті кей тұста оған ешкімді теңгермеуімізге қақымыз бар ма?  

Ар-ұятымызды, ұлттық намысымызды, ой-парасатымызды кепілдікке бере отырып, ашығын айтайық: еш алаңсыз сеніммен "Бар" деп мәлімдей аламыз. Өйткені, Абай – қазақ халқының ар-ожданы, ұлттық мақтанышы және намысы. Ол тек қана қазақ елінің тегін тектегенде ғана қасиеті артатын ұлы тұлға емес, қадым заманынан бері көшпенділер мәдениетінің барлық болмысын бойына сіңірген жиынтық қасиет. Абай қазақ ұлтының ұлт боп өмір сүргендігінің және ұлт ретінде өмір сүруге хұқы барлығының кепілі. Себебі, дүниежүзілік ауқымға сай қазақтың ұлттық санасын оятқан және оны қалыптастырған адам – Абай. Өзге де дара тұлғалар қазақ жерінде өмір сүрді. Алайда соның барлығы тұтаса келіп Абайды толықтырады.
Бұл – шындық. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер