BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Арман қанатында» атты жаңа хикая көрермендерге жол тарпақ

Астана. 6 сәуір. Baq.kz - «Арман қанатында» атты жаңа телевизиялық хикая эфирге шықпақшы. Хикая 1943 жылдан бері өз жұмысын бастаған Атыраулық мұнай өңдеу зауытының қалыптасу тарихы туралы сыр шертеді. Кинокартина кеңес одағының басшылығы немістердің жақындауына байланысты Кавказда орналасқан мұнай өнеркәсіптерін жарып, Қазақстанда жаңа зауыт ашу туралы шешім қабылдаған кезден басталады. 

Көрермендер Жантөрин және Хасанов әулеттерінен шыққан мұнайшылардың өмірлік тарихының куәсі болады.

Атыраудың тарихы кейіпкерлердің естеліктері мен сезімі арқылы беріледі.

Кейіпкерлердің тарихы жеке оқиғаларға, тарихи кезеңдерге, жерлестермен жеке танысу және басқа да оқиғаларға негізделген түрлі әулеттердің тарихымен үйлесім тапқан сюжеттегі жинақтаушы образ.

Фильмнің сюжеті бүгінгі күні тәуелсіз Қазақстанның мұнай астанасы атанған Атырау қаласынан бастау алып, өзара келісім таппай келе жатқан екі әулеттің балалары Шолпан мен Дидардың арасындағы махаббат хикаясымен жалғасын табады. Отбасынан жырақта оқу оқып жүрген екі жас бірін-бірі ұнатып қалады. Екі әулеттің арасындағы дау-жанжалды біліп өскен екі жас, болашақта бірге бола алмайтындарын да біледі. Дегенмен, Дидар Лондонға оқуға атанарда Шолпанның аяғы ауыр болып қалады.

Шолпан басына түскен жағдайға байланысты туған қаласына оралып, зауытқа жұмысқа тұруға шешім қабылдайды. Нәтижесінде, сүйіктісі мен құрсағындағы баланың әкесінің анасы бастығы болып шығады.

Уақыт өте келе Хасановтар әулеті шетелден балалары Дидарды қайтарып алып, жеңіл өмір сүруге үйреніп қалған жас жігітті, қатаң басшының қол астындағы бригадаға қара жұмыскер ретінде жұмысқа жібереді.

5 сериядан тұратын хикаядан көрермендер махаббат, өкпе, түңілу, ескі жараның аузы ашылып, өткен ұрыс-керістер қайтадан орын алған оқиғаларға құрылған екі әулеттің өмірін көре алады. Бірақ, ең бастысы бұл екі әулет те отбасыларының дәстүрін мұнай саласына берілгендігін сақтап қалады.

Хикаяны 2015 жылы «Астанателефильм» түсірген болатын. Режиссері Бақтияр Сейітқазы. Сценарий авторы – Ләйлә Ақынжан, продюссерлері Борис Чердабаев пен Әлия Уәлжанова. Басты рольдерді Төлеген Жангелдиев, Бекмұхамед Киекбаев, Ақбар Жармағанбетов, Шолпан Габдульмулинова, Әсемгүл Өтешова, Сағызбай Қарабалин, Бейбіт Құсанбаев және Гаухар Әбжапаровалар сомдады.

Екі әулеттің арасында тұтанған алауыздық оты бәсеңдей ме? Ерке бала Дидар нағыз азамат, отбасының мақтанышы бола ала ма? Осы және басқа да сұрақтарға «Қазақстан» арнасының көрермендері 9 сәуір күні сағат 15:00-де біле алады.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
17 Қаңтар 2019, 16:34
Бозарып тағы таң атты
Пікірлер