BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Анаға апарар жол» картинасының трейлері шықты (ВИДЕО)

Астана. 4 сәуір. Baq.kz - Желіде Ақан Сатаевтың «Анаға апарар жол» («Дорога к матери») кинокартинасының трейлері пайда болды, деп хабарлайды kinostan.kz. 

Сюжеттік желісіне ұлының басына түскен сынақтардан өтуіне көмектесетін ана махаббатының күші туралы оқиға өзек болған. Басты кейіпкер Ілияс (Әділ Ахметов) пен анасының (Алтынай Нөгербек) арасындағы ұлы сезім олардың басына туған барлық қиын күндерді артқа тастап, қайта қауышуына себепші болады.

Фильм 1930 жылдан бастап қазірге дейін аралықты қамтиды. Мұнда халықтың басынан өткен қиын-қыстау кезеңдер (ұжымдастыру, жұт, соғыс жылдары) басты кейіпкерлердің тұрмыс-тіршілігі арқылы беріліп отырады. Картинаға жалпы саны 2 мыңнан астам адам қатысқан. Негізгі рөлдерді Әділ Ахметов, Алтынай Нөгербек, Аружан Жазылбекова, Болат Әбділманов, Берік Айтжанов, Азамат Сатыбалды, Еркебұлан Дайыров, Асылбек Боранбай сомдайды.

«Анаға апарар жолдың» бас продюсері ­- Әлия Назарбаева. Ал сценарийді бұдан бұрын да Сатаевпен бірге бірнеше картинада жұмыс істеген Тимур Жақсылықов жазған. Туындыны әуенмен әрлеген - композитор Ринат Ғайсин.

Тарихи драманың түсірілім жұмыстары Қазақстанда, Беларусьте және Әзербайжанда жүргізілді.

Еске сала кетелік, «Анаға апарар жол» картинасының алдын ала көрсетілімі «Алғыс айту күні» мейрамына орай, 2016 жылы 1 наурызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Астана қаласында өтті. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер