BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

"16 қыз" фильмінің алғашқы аптадағы табысы белгілі болды (ВИДЕО)

Астана. 10 наурыз. Baq.kz - Режиссер Қанағат Мұстафиннің "16 қыз" фильмі көрсетілімнің алғашқы аптасында 45 миллион теңгеден аса табыс тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Айта кетейік, фильм прокатқа 3 наурызда шыққан еді. 

Айта кетейік, "16 қыз" фильмі ата-анасы үйлендіруді армандайтын Бауыржан есімді жас жігіттің оқиғасын баяндайды. Әкесі Бауыржанды досының қызы Айжанмен "бел құда" салты бойынша атастырады. Дегенмен қыздың кейін басқа жігіті бар болып шығады. Досының көңілін қалдырғысы келмеген әкесінің өтінішімен Айжан Бауыржанға басқа қалыңдық іздей бастайды. Кейін олардың қарым-қатынасы махаббатқа ұласады.

Картинаның басты рольдерін Берік Айтжанов, Аша Матай және Әнуар Нұрпейісов сомдады. 2014 жылдың тамыз айында бастау алған түсірілім Шәкен Аймановтың туған жері - Баянауылда (Павлодар облысы), сонымен қатар, Алматы, Астана және Қарағанды қалаларында өтті. 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер