BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жұмыс берушiлер міндетті зейнетақы жарнасын 2020 жылдан бастап төлеуi мүмкiн

Бүгiн ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнде «ҚР кейбiр заңнамалық актiлерiне әлеуметтiк қамсыздандыру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» заң жобасының қоғамдық тыңдауы өттi, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Аталған заң жобасында жұмыс берушiнiң 5 пайыздық мiндеттi зейнетақы жарналарын енгiзу мерзiмiн 2018 жылдан 2020 жылға ауыстыру, 2017 жылғы 1 шiлдеден бастап зейнетақы мөлшерiн 2016 жылғы деңгейден 20 пайызға дейiн арттыру, 2017 жылғы 1 шiлдеден бастап бала туғанда берiлетiн бiр реттiк жәрдемақының көлемiн 20 пайызға өсiру көзделген. Заң жобасында 8 заңнамалық актiге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жоспарланған», - дедi ведомствоның вице-министрi Светлана Жақыпова.

Вице-министрдiң айтуынша, бұл заң бойынша азамат өз жалақысынан әдеттегiдей 10 пайыз зейнетақы жарнасын төлей бередi. Ал қосымша 5 пайыз көлемiндегi жарнаны жұмыс берушi жұмысшының емес, өз есебiнен төлеуге мiндеттi болады.

«2018 жылға жоспарланған жүйенi ендi 2020 жылға шегеру мәселесi талқыланып жатыр. Заң жобасы қабылданған жағдайда бұл құқықтық және әлеуметтiк-экономикалық терiс салдарға әкелмейдi», - деп сендiрдi вице-министр.

Атап өтсек, жыл сайын мөлшерi артып келе жатқан зейнетақы жүйесiне алдағы уақытта көптеген өзгерiс енгiзiлмек. Мәселен, 2018 жылдан бастап базалық зейнетақы көлемi қайта есептеледі.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер