BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

«Жылқы жылы» алтын және күміс ескерткіш монеталары айналымға шықты

Астана. 4 желтоқсан. Baq.kz - ҚР Ұлттық банкі 2013 жылғы 3 желтоқсаннан бастап «proof» сапасымен номиналы 500 теңгелік «Шығыс күнтізбесі» монеталар сериясынан «Жылқы жылы» алтын және күміс ескерткіш монеталарын айналымға шығарды. Бұл туралы Baq.kz тілшісіне Ұлттық банктің баспасөз қызметінен хабарлады.

«Жылқы жылы» алтын және күміс ескерткіш монеталары он екі қырлы нысанда жасалған. Күмістен және алтыннан жасалған екі монетаның бет және сырт жағындағы бейнелері бірдей. Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде аспан әлеміндегі жұлдыздар картасында жұлдыздар шоғырының мифологиялық символдары бейнеленген және монета дайындалған металды, оның сынамасы мен массасын білдіретін жазу бейнеленген. Күмістен жасалған монетада - «Ag 925 31,1 g», алтыннан жасалған монетада – «Au 999 7,78 g» деп жазылған. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстінде монетаның номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген ойып жазылған қаусырма бар, мемлекеттік тілде «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ», ағылшын тілінде «REPUBLIC OF KAZAKHSTAN» деген жазу және күннің стильдендірілген бейнесі.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) орталық бөлікте шығыс күнтізбесі бойынша 2014 жылдың символы – жылқы бейнеленген және Қазақстан теңге сарайының тауар белгісі орналасқан. Монетаны айналдыра жалпақ күңгірт жиек жүргізілген, оның үстіне айналдыра – ойып жазылған «2014» жазуы бар қаусырма орналасқан, мемлекеттік тілде «ШЫҒЫС КҤНТІЗБЕСІ», орыс тілінде «ВОСТОЧНЫЙ КАЛЕНДАРЬ» және ағылшын тілінде «ORIENTAL CALENDAR» деген сөздер ойып жазылған. Күңгірт жиектің ішкі жағына шығыс күнтізбесінің қалған он бір символы орналасқан. Таралымы – 3 мың дана алтын монеталардың массасы – 7,78 грамм, сондай-ақ ол 999 сынамды алтыннан жасалған. Ал, таралымы 5 мың дана күміс монеталардың салмағы 31,1 грамм және ол 925 сынамды күмістен жасалған.

Айта кетерлік жайт, «Жылқы жылы» ескерткіш күміс және алтын монеталары – «Шығыс күнтізбесі» монеталар сериясын жалғастыратын төртінші монеталар.


Мөлдір АСҚАР


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер