BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жыл соңына қарай базалық мөлшерлеме 8,5% құрауы мүмкін – сарапшы

Фото: ашық дереккөзден

Бүгінде Ұлттық банк баға өсімінің және инфляциялық күтілімдердің төмендеуіне қарай қаржы саясатын жеңілдетуде. Осы ретте, ағымдағы жылдың соңында базалық мөлшерлеме 8,5% құрауы мүмкін. Мұндай болжамды «Halyk Finance» АҚ зерттеу департаментінің макроэкономика саласы бойынша сарапшысы Асан Құрманбеков жасады, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

«ҚР Ұлттық банкі баға өсімінің және инфляциялық күтілімдердің төмендеуіне қарай қаржы саясатын жеңілдетуде. Осы орайда, ағымдағы жылдың соңында базалық мөлшерлеме 8,5% құрауы мүмкін, алайда көрсеткіштің бұдан да төмен болуын жоққа шығармаймын», - деді сарапшы Асан Құрманбеков.

Оның айтуынша, теңгенің долларға шаққандағы айырбас бағамы наурыз айынан бастап 0,4%-ға 320,7 дейін (орташа есеппен наурызда) және де жыл басынан бері 3,9%-ға дейін нығайды.

«Тұтыну нарығындағы импорт көлемінің едәуір үлкен болуына орай инфляциялық болжамдарды жасау барысында ұлттық валютаның нығаю көрсеткіштері маңызды роль атқарады. Әрине, бүгінде инфляция тұрақтанды, алайда жекешеленген жоғары құбылмалы тауарлар мен қызметтер: жанармай, жеміс-көкөніс өнімдері, тарифтер инфляцияның бұданда сенімді төмендеуін тоқтатып отыр. Оған ЖЖМ нарығындағы тұрақсыздық, меммонополиялардың тарифтеріне инвестициялық құрамды қосу, маусымдық факторлар және т.б. әсер етуде», - деді сарапшы.

Сарапшының болжамы бойынша ағымдағы жылдың екінші тоқсанында инфляция деңгейі 1,5% аралығында болуы мүмкін.

«Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша инфляция жыл басынан бері 1,8%-ға артты, ал өткен жылдың сәйкесінше кезеңінде ол 2,3% құраған. Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында инфляция деңгейі 2017 жылдың сәйкесінше кезеңіндегі көрсеткіш - 1,5% аралығында болады деген ойдамын. Онда бағаға негізінен – азық-түлік тауарлары, жанармай мен қызмет көрсету әсер ететін болады. Жылдық инфляция ағымдағы 6,6% деңгейінде сақталады», - деп түйіндеді А.Құрманбеков.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер