Жыл соңына дейін қандай қазақстандық акциялар қымбаттайды - Қаржы|21 Мамыр 2018, 18:25
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Жыл соңына дейін қандай қазақстандық акциялар қымбаттайды

Фото: ашық дереккөзден

Бұл сұрақтың жауабын LS сарапшылардан сұрап білді. Олардың айтуынша «Қазақтелеком» мен банк секторының акциялары қымбаттауы мүмкін, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Сарапшылардың пайымынша, мұнай бағасының өсуі қазақстандық қор нарығына оң әсерін тигізуі мүмкін. Алдағы жақын жарты жылдықта Қазақтелеком, KAZ Minerals, БАСТа, Халық банкі, Банк ЦентрКредит, Қазтрансойл компанияларының құнды қағаздары қымбаттауы мүмкін.

Сонымен әрқайсысына тоқталып кететін болсақ, жекешелендіру аясында «Қазақтелеком» акциялары компанияның шетелдік нарыққа шығуына байланысты қымбаттауы мүмкін.

«Байланыс нарығында басты компания болғандықтан шетелдік нарыққа өз акцияларын орналастырғанан кейін және оған дейінде Қазақтелекомның өсім әлеуеті 34 мың теңгеден жоғары болады деп күтілуде. Бүгінде компанияның құнды қағаздары 33 мың теңге деңгейінде. Kcell-ды сатып алу қосымша өсім драйвері болуы мүмкін, әрине, егер келісім мақұлданса. Компания бұл активті иелене отырып болашақта өзінің орналастыру құнын айтарлықтай арттыруы мүмкін», - деп болжануда.

Сонымен қатар, KAZ Minerals пен БАСТа өндіретін шикізатқа деген сұраныс олардың акцияларына деген бағаны көтеруі мүмкін.

«KAZ Minerals тоқталатын болсақ, оның бағасы мыс бағасының белгілеуіне байланысты болғандықтан 2018 жылдың IV тоқсанында компания акциясының құны 4,9 мың теңгеге дейін қымбаттауын көруіміз мүмкін. Бүгінде оның құнды қағаздары 4,5 мың теңгеден сатылуда. Ал, БАСТа үшін 10 млн долларға дейін инвестиция оң әсерін тигізуі мүмкін. Бүгінде ол шетелдік компаниямен инвестиция тарту бойынша келіссөз жүргізіп жатыр. Оның үстіне БАСТа алдында қуаттылығы жылына 1 млн тонна кенді өндей алатын жаңа фабриканы іске қосу міндеті тұр. Аталған қағаз бойынша фундаменталды мақсат жаңа фабриканың өндірісі жолға қойылған жағдайда - 82 545 теңге, аралық мақсат 59 мың теңге (18 мамырдағы жағдай бойынша 53 мың теңге)», - деген болжам жасалуда.

Сонымен қатар, мамандардың айтуынша, банк секторының құнды қағаздары бүгінде лайықты бағаланбай келеді. Мәселен, Халық банкі үшін акция құны 126 теңгеге дейін, Банк ЦентрКредит (БЦК) үшін 380 теңгеге дейін өсуі мүмкін.

«Мұнай бағасының өсуіне орай аталған құнды қағаздарға инвесторлардың қызығушылығы екінші жарты жылдықта артады», - деген болжам жасалуда.

Бұдан басқа, «ҚазТрансОйл» (ҚТО) қағаздарының құны да өзгеруі мүмкін.

«160 теңге көлемінде жоспарланып отырған дивиденттерге байланысты компания бірден 12-15%-ға жұма күні 8 маусымда түзету енгізуі мүмкін. Айта кетейік, дәл сол күні инвесторлар өздерінің жайғасымдарын бекіте бастайды. Т+2 жүйесі бойынша сатқан акционерлер жоспарланып отырған реестрді жабу датасына ене алады – 2018 жылдың 12 маусымы сағат 00:00. Аталған компания бойынша фундаменталды мақсат- 1,8 мың теңге», - дейді мамандар.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер