BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жыл басынан бері қазақстандықтар 9,6 млрд теңгеге көліктерін сақтандырды

Автокөлік иелерінің азаматтық-құқықтық міндетті төлем көлемі өткен жылы 0,7% төмендеген еді. Аталған көрсеткіш биыл 32,8% өсіп, 2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында 9,6 млрд теңге болды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Автокөлік иелерінің АҚМС бойынша сақтандыру төлемдері өткен жылы керісінше 14% өсті, биыл 6,5% қысқарып, 3,9 млрд теңге болды.

Автотранспортты ерікті мүліктік сақтандыру көлемі 25,9% өсіп, 2,9 трлн теңге болды. Өткен жылы 14,5% қысқарған еді.

Сақтандыру төлемдері екінші жыл қатарынан қаңтар-ақпан айларында қықсарды. 2017 жылы — 8%, 2018 жылы — 10,7% (1 трлн теңгеге дейін).

2018 жылдың қаңтар-ақпан айларында сақтандыру компанияларының ішінде жиналған төлемдер бойынша «КоммескӨмір» көш бастап келеді. Аталған компанияның табысы бір жыл ішінде 3,7 рет өсіп, 1,3 млрд теңгені құрады. Ал Қазақстан Республикасындағы үлесі 5,1%-дан 14,1%-ға дейін өсті. Сақтандыру төлемдерінің көлемі 317,7 млн теңгені құрады.

Бұдан кейін «Евразия» сақтандыру компаниясы көш бастап тұр. Бір жыл ішінде табысы 2,1 есе өсіп, 1,3 млрд долларды құрады. Қазақстан Республикасындағы үлесі 8,6%-дан 13,8%-ға дейін өсті. Сақтандыру төлемдерінің көлемі 508,7 млн теңгені құрады.

Лидерлер үштігін «Номад Иншуранс» компаниясы бекітті. Аталған компанияның табысы бір жылда 48,6% өсіп, 1,2 млрд теңгені құрады. Төлем көлемі 283,9 млн теңге болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер