BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жыл басынан бері 460 млрд теңге салық жиналды

Фото: Егемен Қазақстан

2018 жылдың қаңтар айында жиналған салық көлемі 463,3 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

2017 жылдың қаңтар айымен салыстырғанда түсім 2,4% қысқарды. Ең көп салық Алматы (114,7 млрд теңге) және Атырау облысында (44,4 млрд теңге) жиналды. Астанада — 42,2 млрд теңге, Қарағанды облысында — 34,5 млрд теңге, ал Алматы облысында — 33,2 млрд теңге, Маңғыстау облысында — 27 млрд теңге, БҚО-да — 25,5 млрд теңге, Ақтөбе облысында — 21,6 млрд теңге, ОҚО-да — 20,9 млрд теңге, ШҚО-да — 20,1 млрд теңге және Павлодар облысында — 13,6 млрд теңге салық жиналды.

Сондай-ақ, Қостанай облысында салық көлемі — 11,1 млрд теңге, Ақмола облысында — 10 млрд теңге, Қызылорда облысында — 5,9 млрд теңге, Жамбыл облысында — 5,9 млрд теңге және СҚО-да — 5,2 млрд теңге болды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер