BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жыл басынан бері теңге 2%-ға əлсіреді

Астана. 18 желтоқсан. Baq.kz – Жыл басынан бері теңге 2%-ға əлсіреді. Ал, биылғы жылдың қарашасында оның АҚШ долларына қатысты бағамы 1 АҚШ доллары үшін 152,72–154,34 теңге аралығында өзгерді. Айдың соңында теңгенің биржалық бағамы бір айда 0,4%-ға нығайып бір АҚШ доллары үшін 153,68 теңге болды, - деп Ұлттық банктің сайтқа жариялаған есбіне сілтеме жасай отырып Baq.kz тілшісі хабарлайды.

2013 жылғы қарашада қосымша сауда-саттықтардағы мəмілелерді қоса алғанда, Қазақстан қор биржасындағы биржалық операциялардың көлемі 2013 жылғы қазанмен салыстырғанда 12,3%-ға ұлғайып, 5,4 млрд. АҚШ долл. болды. Жыл басынан бастап бұл көрсеткіш – 51,2 млрд. АҚШ долл. құрады. Биржадан тыс валюта нарығында операциялардың көлемі 0,5%-ға 2,1 млрд. АҚШ долл. дейін, ал жыл басынан бастап – 19,8 млрд. АҚШ долл. төмендеді.
Жалпы алғанда, ішкі валюта нарығындағы операциялардың көлемі 2013 жылғы қазанмен салыстырғанда 8,5%-ға ұлғайып, 7,5 млрд. АҚШ долл. жетті. Ал, жыл басынан бастап – 71,0 млрд. АҚШ долл. болды.
 

Мөлдір АСҚАР


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер