BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жыл басынан бері теңге 2%-ға арзандады

Астана. 17 қазан. Baq.kz – Жыл басынан бері төл теңгеміз 2%-ға арзандады. Соңғы қыркүйек айында оның биржалық бағамы 0,7%-ға әлсіреді. Бұл туралы Baq.kz  ақпарат порталы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлайды.

2013 жылғы қыркүйекте теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы 1 АҚШ доллары үшін 152,90–153,81 теңге аралығында өзгерді. Айдың соңында теңгенің биржалық бағамы бір АҚШ доллары үшін 153,81 теңге болды.

2013 жылғы қыркүйекте қосымша сауда-саттықтардағы мəмілелерді қоса алғанда, Қазақстан қор биржасындағы биржалық операциялардың көлемі 2013 жылғы тамызбен салыстырғанда 42,6%-ға азайып, 3,9 млрд. АҚШ долл. ( жыл басынан бастап – 40,9 млрд. АҚШ долл.) құрады. Биржадан тыс валюта нарығында операциялардың көлемі 40,6%-ға 1,7 млрд. АҚШ долл. дейін (жыл басынан бастап – 15,6 млрд. АҚШ долл.) төмендеді.
Жалпы алғанда, ішкі валюта нарығындағы операциялардың көлемі 2013 жылғы тамызбен салыстырғанда 42,0%-ға азайып, 5,7 млрд. АҚШ долл. жетті. Ал, жыл басынан бері есептегенде бұл көрсеткіш 56,6 млрд. АҚШ долл. құрады.

 

Мөлдір Асқар

 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
31 Желтоқсан 2018, 10:01
Доллар арзандады
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер