BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ұлттық банк дамушы елдер валютасының нарықтық бағамын ұсынды

Фото: интернеттен

Астана, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық банкі әлемде 2018 жылдың 5 қазанынан бастап 12 қазаны аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолуды ұсынды.

"2018 жылғы 12 қазандағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір АҚШ доллары үшін бір апта ішінде 1%-ға нығайып (373,71 -ден), 370,03 теңге деңгейінде қалыптасты", - деп жазылған Ұлттық банк хабарламасында.

Сыртқы валюталық нарық тұрғысынан 2018 жылғы 5 қазаннан 12 қазан аралығында маңызды оқиғалар дамушы нарықтардағы сауда-саттық қайшылықтар мен шиеленістердің ушығуымен байланысты ХВҚ-ның әлемдік экономикалық өсу болжамының төмендеуі, АҚШ-тың мемлекеттік облигациялары кірістілігінің жоғары деңгейлерге қол жеткізуімен және инвесторлардың компаниялардың алдыңғы есеп беру кезеңінен қауіптенуімен байланысты қор нарықтарының әлемдік индекстерін түзету, ФРЖ өкілдерінің экономикалық тұрақтылық және монетарлық саясатқа қатысты түсініктемелері, АҚШ-ғы инфляция индекстерінің бір қалыпты өсуі бойынша экономикалық деректерді жария ету болды. Аталған факторлар АҚШ доллары бағамының әлемдік нарықтарда әлсіреуіне әкелді.

Дамушы елдердің валюта бағамдарыны АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:

  • Мексика песосы 0,2%-ға (18,82-ден 18,86-ға дейін) әлсіреді;
  • Индонезия рупиясы 0,1%-ға (15 183-тен 15 197-ге дейін) әлсіреді. Индонезияның ОБ ішкі нарықта келесі айдан бастап жеткізілімсіз форвардтық келісімшарттарды (NDF) бастау туралы мәлімдеді, олар бойынша есептеулер ұлттық валютаны одан әрі әлсіреуден қорғаудың жаңа құралы ретінде ұлттық валютамен жүргізілетін болады;
  • Үндістан рупиясы ағымдағы шоттың тапшылығын бақылаудың қосымша тетіктерінің қажеттілігі кезінде қолдану туралы үкіметтің мәлімдеуі аясында 0,3%-ға (73,77–ден 73,57-ге дейін) әлсіреді.
  • Ресей рублі 0,8%-ға (66,60-тан 66,06-ға дейін) нығайды. РФ ОБ бейрезиденттердің «carry trade» операциялары шеңберінде рубльге қызығушылықтарының артуын атап өтеді;
  • Бразилия реалы 1,6%-ға (3,84-тен 3,78-ге дейін) нығайды. Әлеуметтік - либералдық тобынан кандидат Жаир Болсонару сайлаушылар дауыстарының 46%-ын жинап, Бразилия президенті сайлауының бірінші турының қорытындысы бойынша көш бастады. Инвесторлардың басым бөлігі басқа қатысушыларға қарағанда оның кандидатурасына басымдық беріп отыр. Сайлаудың екінші туры 28 қазанда өтетін болады.
  • Оңтүстік Африка рэнді фермерлерден жерлерді өтемақысыз тәркілеу туралы заң жобасын қабылдау бойынша мерзімдерді ұзарту аясында 1,7%-ға (14,77-ден 14,52-ге дейін) нығайды. Конституцияны қайта қарау жөніндегі комитет көпшілік өтініштерді қарау үшін қосымша уақыт сұрады, ол заң жобасын жеңілдетуге әсер етуі мүмкін;
  • Түрік лирасы 2016 жылы мемлекеттік төңкеріс жасау әрекетінде террорлық топтармен байланысы үшін және оған қатысқан деп айыптау бойынша екі жылға жуық қамауда болған пастор Эндрю Брансонның босатылуы аясында 4,2%-ға (6,13-тен 5,87-ге дейін) нығайды. Пасторды босатудан бас тарту АҚШ-тың Түркияға қарсы санкциялық саясатының негізгі себебі болды.

АҚШ долларына қарағанда көлемі жағынан неғұрлым көп сатылатын дамушы елдердің валюталары.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер