BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Жарнама және маркетинг нарығындағы қаржы айналымы 1,5 есе артты

Астана. 3 желтоқсан. Baq.kz - Жарнама және маркетинг қызметтері нарығындағы қаражаттың ашық айналымы 1 жыл ішінде бір жарым есеге өсті. Яғни, 70,7 млрд.тг.-ден 111,4 млрд.тг.-ге дейін көтерілді. Жалпы, маркетингтік бюджеттің 83,5%-ын Алматының компаниялары игерген. Олардың табысы бүгінде 93 млрд. теңге болды. Ал, екінші орында 4,17%-бен Астана қаласы. Мұндағы компаниялардың табысы 4,641 млрд. теңгені құрады. Алғашқы үштікті 3,33%-бен немесе 3,707 млрд. теңге табыспен Қарағанды облысы қорытындылады. Жарнама және маркетинг саласының дамымаған аймағы ретінде Қызылорда облысын атауға болады. Оның осы сектордағы жылдық табысы бар-жоғы 124,4 млн. теңгені көрсетті. Ranking.kz порталының зерттеу нәтижесі осыны көрсетіп отыр, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

 

Мөлдір АСҚАР


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
29 Желтоқсан 2018, 12:45
Алматы әуежайы 2,5 есе ұлғаяды
Пікірлер