BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Зейнетақы қорының лауазымды тұлғаларын жазалау керек – депутаттар

Бүгiн Мәжiлiс отырысында «Ақ жол» фракциясының депутаттары Әзербайжанның «проблемалық» банкiне қаржы құю туралы шешiм қабылдаған Бiрыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) лауазымды тұлғаларын жауапқа тартуды ұсынды, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

«Ақ жол» партиясына келген тәуелсiз сарапшы Рақым Ошақбаев зейнетақы қаржысына қатысты фактiлердiң анықталғанын айтты. Оның мәлiметiнше, 2014 жылы БЖЗҚ 70 млрд теңгеге Әзербайжан Халықаралық банкiнің облигацияларын негiзсiз сатып алған. Бұған дейiн бiздiң фракция БЖЗҚ қаржысына қатысты мәлiмдеме жасаған болатын. Ол кездегi мәселе Қазинвестбанк лицензиялары алынған сәтте 3 млрд теңгенiң жоғалу қаупi жайында едi. Сол кезде-ақ, БЖЗҚ басшылығының 5 млрд теңгеге KASE-тен эмитентi күмәндi бағалы қағаздарды сатып алғаны анықталған едi», - дедi мәжiлiсмен Азат Перуашев.

Фракция депутаттарының атынан ҚР Ұлттық банк басшылығына сауал жолдаған Перуашев бұл азаматтардың зейнетақы жинақтарына деген немқұрайлылығы мен жауапсыздығының белгiсi дедi.

«Осыған орай, «Ақ жол» фракциясы аталған банкке қаржы инвестициялау туралы шешiм қабылдаған БЖЗҚ лауазымды тұлғаларын жауапқа тартуды ұсынады», - деп түйiндедi Азат Перуашев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер