BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Зейнетақы аударымдарының көлемі 455,9 миллиард теңгені құрады

Астана. 3 желтоқсан. Baq.kz - Ranking.kz порталының зерттеу нәтижесі бойынша биылғы жылдың 10 айында зейнетақы аударымдар көлемі 455,9 млрд. теңгені құрады. Бұл көрсеткіш, 2012 жылдың қаңтар-қазан аралығымен салыстырғанда, 11%-ға немесе 43,5 млрд. теңгеге артық.

Еліміздің жеті аймағында зейнетақы жарналар өсімі 10%-дан асты. Ең жоғарғы өсім Астана қаласында - 16%. Оңтүстік-Қазақстан және Маңғыстау облыстарының еңбек нарықтары белсенді дамуда. Бір жыл ішіндегі міндетті зейнетақы жарналар өсімі - 13,1% көрсетті. Ең баяу өсімдер Ақмола және Солтүстік-Қазақстан облыстарында көрініс тауып отыр. Жылдық өсім, бар болғаны - сәйкесінше, 4,7 және 6,9%-ды құрады.

 

Мөлдір АСҚАР


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер