BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Валюта нарығында юань-теңге транзакцияларының тікелей тетігін іске қостық – қытайлық қаржыгер

Алматы, BAQ.KZ. ҚХР Орталық Банкінің Үрімші қаласындағы президенті Го Цзяньвей Қазақстан қаржыгерлерінің VIIІ конгресінің сессиясында сөйлеген сөзінде Қазақстан және Қытай арасындағы екіжақты қаржылық ынтымақтастық туралы айтып берді.

«Біз кездесулердің екіжақты тетігін әзірледік, валюталық есеп айырысу туралы келісімге және своптар жөніндегі келісімге қол қойдық, сондай-ақ валюта нарығында юань-теңге транзакцияларының тікелей тетігін бірлесіп іске қостық», - деді ол.

Оның айтуынша, 2018 жылдың алғашқы үш тоқсанында екіжақты валюталық есеп айырысу 1,9 миллиард юаньға жуық болды.

Го Цзяньвей жалпы келісімді негізге ала отырып, Қытайдың Өнеркәсіп және коммерциялық банкінің (ICBC) Алматы өкілдігі China Interbank валюта нарығының мүшесі және валюта нарығындағы өңірлік банкаралық операцияларға тартылған алғашқы шетелдік нарықтардың бірі болды деп атап өтті. Бұл күнделікті юань-теңге транзакцияларының тікелей тетігін ресми түрде іс қосуды білдірді.

ҚХР Банкінің Президенті жетекші дамыған елдердегі пайыздық мөлшерлемелердің көтерілуі дамушы нарықтарға орасан қысымға алып келді деп толықтырды. Осы ахуал валютаның құнсыздануынан және капиталдың әкетілуінен қорғау үшін дамушы экономикалар арасындағы валюталық ынтымақтастықтың қажеттілігін атап өтеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер