BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Теңге бір аптада 0,2% әлсіреді

29 маусымдағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір аптаның ішінде 0,2% (340,27-ден) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 341,08 теңге деңгейінде қалыптасты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Сыртқы валюталық нарық тұрғысынан 2018 жылғы 22 маусымнан 29 маусым аралығындағы маңызды оқиғалар АҚШ пен Қытайдың, Еуроаймақтың, Канаданың өзара сауда-саттық саясатына қатысты мәселелер ықпал етті. Атап айтқанда, АҚШ өкілдерінің АҚШ-тың технологиялық фирмаларына қытай инвестицияларына тыйым салуға және технологиялардың ҚХР-ға экспортын бұғаттаудың әлеуеттік мүмкіндіктеріне, АҚШ-қа инвестицияларды шектеу Қытайды ғана емес Вашингтон технологияларды ұрлайды деп күдіктенген басқа да мемлекеттерді де қатысты болуы мүмкіндігі жөніндегі түсініктемелері. Одан басқа, маңызды оқиға АҚШ-тың 34 ірі банктеріне стресс тестілеу жүргізу нәтижелерін жария ету болды.

Дамушы елдердің валюта бағамдарының АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:

  • Бразилия реалы өткен аптада нарыққа Бразилия Орталық банкінен валюталық своп операциялар ұсыныстарының болмауы салдарынан 2,4% (3,79-дан 3,88-ге дейін) әлсіреді;
  • Оңтүстік Африка рэнді инвесторлардың дамушы елдердің активтерін сату аясында 2,2% (13,44-тен 13,73-ке дейін) әлсіреді;
  • Индонезия рупиясы Индонезия Банкінің дамушы нарықтардан капиталдың әкетілуі аясында бағамды ұстап тұру үшін мөлшерлемені 5,25%-ға дейін 0,5%-ға (күту 0,25% болғанда) күрт көтеруіне қарамастан, 1,7%-ға (14 086-дан 14 330-ға дейін) әлсіреді;
  • Үндістан рупиясы 0,9%-ға (67,83-тен 68,47-ге дейін) әлсіреді;
  • Ресей рублі 0,3%-ға (62,99-дан 62,78-ге дейін) нығайды. Маңызды оқиға Дональдом Трамп пен Владимир Путиннің 2018 жылғы 15 шілдеде Хельсинки қаласында өтетін кездесуі туралы хабарлама болып табылады;
  • Мексика песосы 2018 жылғы 1 шілдеде өтетін президенттік сайлауда Лопес Обрадордың ықтимал жеңуі жөнінде позитивті нарықтық сентименттің аясында 0,5% (20,01-ден 19,91-ге дейін) нығайды;
  • Түрік лирасы таяуда болып өткен президенттік сайлаулардан кейін, сондай-ақ қазынашылық облигациялардың кірістілігінің біраз төмендеуі аясында 1,9% (4,68-ден 4,59-ға дейін) нығайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер