BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ұлттық қорға келіп түсетін ақша қысқарды

Фото: Informburo.kz

2018 жылдың қаңтар-наурыз айларында Ұлттық қорға келіп түскен ақша көлемі 458,5 млрд теңгені құрады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

2017 жылдың осы айларымен салыстырғанда келіп түскен ақша көлемі 21,4% қысқарды. Ең көп ақша Атырау (188,4 млрд теңге), Батыс Қазақстан (118,4 млрд теңге) және Маңғыстау (81 млрд теңге) облыстарынан келіп түсті.

Ұлттық қор Ақтөбе — 26 млрд теңге, Қызылорда — 18,3 млрд теңге, Астана — 20,6 млрд теңге, Алматы — 1,9 млрд теңге, Шығыс Қазақстан — 1,1 млрд теңге және Оңтүстік Қазақстан облыстарынан — 2,6 млрд теңге жинады.

Алматы облысынан келіп түскен ақша көлемі — 66,1 млн теңге, Жамбыл облысынан — 5,5 млн теңге, Солтүстік Қазақстан облысынан — 2,2 млн теңге, Қарағанды облысынан — 1 млн теңге, Ақмола облысынан — 295 мың теңге және Павлодар облысынан — 165 мың теңге. Қостанай облысынан Ұлттық қорға екі ай ішінде ақша келіп түспеді.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер