BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ұлттық экономика министрлiгi орташа жалақы мөлшерiн қайта есептеуi мүмкiн

Фото: Абзал Қалиев

ҚР Ұлттық экономика министрлiгi елiмiздегi орташа жалақы мөлшерiн қайта қарастыруы мүмкiн. Бұл жайында халыққа есеп беру кездесуiнде ведомство басшысы Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды Baq.kz тiлшiсi.

Кездесу барысында министрге сұрақ қойған тұрғын елiмiздiң әр өңiрiнде жалақының әртүрлi екенiн айтты. Ол өзiнiң 120 мың теңге еңбекақы алатынын, ал ауылды жерлерде жалақы 30-50 мың теңгенi құрайтынын жеткiздi. «Солай болса, нелiктен ресми мәлiмет бойынша орташа еңбекақы көлемi 140 мың теңгеге жуықтайды?» деп сұрады ол.

«Статистика – орташа көрсеткiштi негiзге алатын ғылым. Бүкiл елдегi немесе өңiрлердегi ахуалды түсiну үшiн орташа мөлшер пайдаланылады. Мейлi, ол еңбекақы болсын, жан басына шаққандағы табыс, түсiрiлген пайда болсын, есептеулердiң барлығы орташа алынады. Әрине, бұл жүйенiң кемшiлiгi де бар. Өкiнiшке қарай, елiмiзде миллион, бiр жарым миллиондық жалақымен қатар жүз мыңдық, одан да төмен еңбекақы көлемi бар. Статистика олардың ортасын алады. Мен келiсемiн, бiз орташа мөлшердi ғана емес, мәлiметтердi сектор бойынша да алуымыз керек шығар. Яғни, елдегi орташа жалақыны алып қана қоймай, сегменттерге бөлу керек. Бiз Статистика комитетiмен бiрге осы мәселенi қарастырамыз. Десек те, қазiргi статистика әдiстемесi Дүниежүзiлiк банк пен Халықаралық валюта қорының әдiстемесiне толық сәйкес келедi», - дейдi Сүлейменов.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер