BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ұлттық банк жоғары оқу орындарының түлектерін жұмысқа шақырады

Фото: ашық дереккөзден

ҚР Ұлттық банкінде жұмыс істеу үшін жоғары оқу орындарының талантты түлектері мен тәжірибелі мамандарды іріктеу жөніндегі науқан шеңберінде резюме қабылдау басталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Жоғары оқу орындарының талантты және перспективті түлектерін және жұмыс тәжірибесі бар білікті мамандарды шақырамыз. Іріктеуге жоғары оқу орындарының экономикалық, заң, математикалық, IT білімі бар түлектері қатыса алады», - делінген Ұлттық бакнтың хабарламасында.

Бас банкке халықаралық құқық бойынша жоғары білікті мамандар (мүмкіндігінше шетелдік білімі бар, шетелдік (ағылшын) құқықты жақсы білетін, инвестициялық компанияның/банктің заң қызметінде істеген жұмыс тәжірибесі бар), сондай-ақ тәуекелдерді талдау және бағалау үшін математикалық білімі бар талдаушы-мамандар қажет.

Сонымен бірге инновациялар саласында жұмыс тәжірибесі бар IT-талдаушылар, құрылыс (қосымша экономикалық білімінің болғаны дұрыс), энергетика және киберқауіпсіздік сияқты салаларда жұмыс тәжірибесі бар мамандар да қажет.

Айта кетейік, шетелдік білімі, халықаралық сертификаттары, жұмыс тәжрибесі бар және ағылшын тілін жетік меңгерген үміткерлерге басымдық беріледі.

«Біз өз мамандығын жақсы көретін, бірлескен жобалармен жұмыс істегісі келетін, болашағынан үміт күттіретін мамандарды командамызға қабылдауға дайынбыз. Жас мамандар үшін бұл – өз әлеуетін іске асырып, біліктілігін көтеріп, мансабын жасау үшін баға жетпес тәжірибе. Тәжірибелі мамандар тұрақты жұмыс орнын, лайықты еңбекақысын, өз дағдысын кәсіби ұжымда қолдана білу мүмкіндігін бағалай алады», - делінген хабарламада.

Іріктеуге қатысу үшін әрбір ниет білдірген адам 2018 жылғы 27 қыркүйектен бастап 27 қазан (қоса алғанда) аралығында Ұлттық банктің ресми сайтында (www.nationalbank.kz, «Ұлттық Банк туралы» бөлімі/«ҚҰБ-ға жұмысқа орналасу»/«Резюменің электрондық нұсқасы») орналастырылған «Резюменің» электрондық нұсқасын толтыруы қажет.

Резюме мен эссені қарау қорытындысы бойынша іріктелген үміткерлер одан әрі психологиялық тестілеуден, бөлімшелердің басшыларымен және Ұлттық Банк басшылығымен әңгімелесуден тұратын кадр қызметімен әңгімелесуге шақырылады.

Айта кетейік, науқан жеңімпаздары Ұлттық банктің кадр резервіне алынып, бір жылдың ішінде Ұлттық банкке жұмысқа орналастырылады.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер