BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ұлттық банк төрағасы қазақ тілін бір жыл ішінде үйреніп алуға сөз берді

Астана. 1 маусым. Baq.kz - Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев БАҚ өкілдеріне сұхбат беру кезінде қазақ тілін бір жыл ішінде үйреніп алуға сөз берді деп хабарлайды NUR.KZ порталының тілшісі.

Қазақ тіліндегі БАҚ-тың өкілдері Ұлттық банктің төрағасы Ақышевтен қазақ тілінде қашан сөйлеп үйренетінін сұрады.

"Өте орынды сұрақ. Келесі жылы", - деп жауап берді Данияр Ақышев.

Тілшілердің "тіл үйренуге бір жыл жеткілікті бола ма?" деген сұрағына Ақышев "Иә" деп қысқа қайырды.

Журналистер болса, тура бір жыл өткесін одан қазақ тілінде сұхбат алатынын ескертіп, тарқасты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер