BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ұлттық банк: Теңгенің нарықтық бағамы әлсіреді

Өткен аптадағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір аптаның ішінде 0,4%-ға әлсіреді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ұлттық банктің мәліметі бойынша 30 наурыз бен 6 сәуір аралығында сауда-саттық қорытындыларына сәйкес теңгенің нарықтық бағамы 0,4%-ға (318,31-ден) әлсіреп, бір АҚШ доллары үшін 319,66 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюталық нарық тұрғысынан 2018 жылғы 30 наурыздан 6 сәуір аралығындағы маңызды оқиғалар АҚШ пен Еуроаймақтағы халықтың жұмыспен қамтылуы бойынша деректер, Еуроаймақтағы инфляцияның өсуі бойынша деректер, ФРЖ өкілдерінің монетарлық саясатқа және экономикалық өсуге қатысты түсініктемелері, АҚШ-тың Қытаймен әлеуеттік сауда –саттық аясындағы жаңалықтар болды. Осы факторлар әлемдік нарықтарда АҚШ доллары бағамының біршама құбылмалығына әкелді.

Ал, дамушы елдердің валюта бағамдарының АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:

Түрік лирасы бір жыл ішінде тұтыну бағасы индексінің 10,23%-ға өсуі аясында 2,3%-ға (3,96-дан 4,05-ке дейін) әлсіреді, бұл нысаналық деңгейден (5%) және нарықтың күтуінен (10,03%) жоғары. Ал, Бразилия реалы Бразилияның экс-президенті Луис Инасиу Лула да Силваны сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін кінәлі деп тану туралы жоғарғы соттың қаулысының және оны 12 жылға бас бостандығынан айыру туралы қаулының аясында 1,8% -ға (3,31-ден 3,37-ге дейін) әлсіреді.

Сонымен қатар, Оңтүстік Африка рэнді президент Сирил Рамафоздың Eskom Holdings SOC Ltd. (энергиямен қамту) және Transnet SOC Ltd. (темір жолдар мен порттарға қызмет көрсету) компанияларындағы жемқорлық туралы мәлімдемесінің аясында 1,6%-ға (11,84-тен 12,03 -ке дейін) әлсіреді.

Ресей рублі Ресейдің АҚШ-тағы президенттік сайлауға араласуы ықтималдығын зерттеу аясында Ресейдің кейбір компанияларына, шенеуніктері мен азаматтарына қарсы санкцияларды кеңейту, сондай-ақ мұнай бағасының әлсіреуі аясында 1,3%-ға (57,34-тен 58,10-ға дейін) төмендеді.

Бұдан басқа, Мексика песосы 0,6%-ға (18,18-ден 18,29-ға дейін), Индонезия рупиясы 0,4%-ға (13 728-ден 13 778–ге дейін) әлсіресе, Үндістан рупиясы 0,3%-ға (65,18-ден 64,98-ге дейін) нығайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер