Ұлттық банк Қазақстанның қаржылық жағдайы не себепті нашарлағанын айтты - Қаржы|22 Мамыр 2018, 20:38
Теңгенің бүгінгі бағамы жаңартылады
Астана:

Ұлттық банк Қазақстанның қаржылық жағдайы не себепті нашарлағанын айтты

Қазақстан Ұлттық банкі қаржылық тұрақтылық жөніндегі 2015-2017 жылдардағы есепті ұсынды. Реттеуші Қазақстанның қаржылық жағдайы не себепті нашарлағанын айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Есепте өткен үш жылда орын алған тәуекелдер талданды және бүгінгі күні жүйе үшін барынша маңызды тәуекелдер анықталды.

«Бұл есепте қаржылық тұрақтылыққа арналған кейбір тәсілдерімізді қайта қараймыз. Ол макроэкономикалық саясатқа, сол сияқты қаржылық реттеу саясатына да тең көлемде жатады», - деді Д. Ақышев.

Ол Қазақстан Ұлттық банкі экономикалық саясатта, қаржылық дамуда, қадағалау мен реттеу тетіктерінде өзінің рөлін жүйелі түрде қайта қарау қажеттілігі туындаған жалғыз орталық банк емес деп атап өтті. Жаһандық қаржылық дағдарыстан кейін орталық банктерде ғана емес, қаржылық қызметтің бірнеше салаларында парадигма біртіндеп ауысты.

«Жаһандық дағдарыстан кейінгі сегіз жылдан кейін қаржылық есептілік стандарттары жөніндегі халықаралық ұйымдар қаржы құралдарын бағалау тәсілдерін өзгертті. Күтілетін шығындарды бағалаудың реттеуіш әдістері қаржылық есептілік стандарттарына жақын келді. Тәуелсіз аудиторлар институтының олигополизациясымен байланысты тәуекелдер барынша көрініп тұр, бірақ тиесілі тиімді шешім әлі де табылмады», - деді Д. Ақышев.

Оның айтуынша, күн тәртібімен қоса қаржылық тұрақтылық туралы есеп бойынша озық практика да өзгерді. Олар ел ерекшелігіне, тәуекелдер ерекшелігіне аса назар аудара бастады, есептер барынша жинақы болды. Басқа елдерде есептердің дамуы оларды жиі жария ету және қаржылық тұрақтылық бойынша қосымша жарияланымдарды жасау жолы бойынша жүрді.

«Реттеушінің тиімді әрекеттері қаржы жүйесінің проблемаларын толық түсіну кезінде ғана мүмкін. Қазақстанда бұл міндет кредиттік тәуекелдерді және банк активтерінің сапасын бағалаудың қалыпты әдістері ақпараттық және пайдалы болмағандығымен күрделі болды. Мұндай жағдайда талдауда тәуекелдер орын алған жерлерде реттелетін қаржы ұйымдарын ғана емес, есептілік пен реттеу жүйесін қоса алғанда, қаржы жүйесінің басқа да бөліктерін қамту орынды болады. Біз пруденциялық құралдарды ғана емес, банктің жай-күйі туралы есептілікті жасау қағидаттарын да қайта қарадық», - деп түйіндеді Д. Ақышев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер