BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ұлттық банк дамушы елдер валютасының нарықтық бағамын ұсынды

Астана, BAQ.KZ. Ұлттық банк 2018 жылғы 19 қазаннан 26 қазан аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу жасады. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

2018 жылғы 26 қазандағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір АҚШ доллары үшін бір апта ішінде 0,6%-ға нығайып (366,43 -тен), 368,54 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюталық нарық тұрғысынан 2018 жылғы 19 қазаннан 26 қазан аралығында маңызды оқиғалар АҚШ-тың экономикалық шолуын («Ақшыл сары кітап») жариялау, ЕОБ-нің ағымдағы монетарлық саясатты сақтау туралы шешімі, ФРЖ-мен ЕОБ өкілдерінің экономикалық өсу және монетарлық саясатқа қатысты түсініктемелері, кейбір компаниялардың қанағаттанарлықсыз тоқсандық есептіліктері және облигациялар кірістілігінің жоғары мөлшерлемелерімен байланысты қор нарықтары индекстерінің төмендеуі, ІЖӨ-нің өсуі бойынша экономикалық деректерді және АҚШ-та ұзақ қолданыстағы тауарларға тапсырыстарды жариялау болды. Аталған факторлар әлемдік нарықтарда АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда нығаюына әкелді.

Дамушы елдердің валюта бағамдарыны АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:

  • Оңтүстік Африка рэнді ОАР Қаржы министрі Тито Мбоунидің мемлекеттік борыштың алдыңғы болжамға қарағанда неғұрлым тез өсуі, сондай-ақ мемлекеттің фискалдық тапшылығының өсуі және кірістерінің төмендеуі туралы мәлімдеуінің аясында 1,3%-ға (14,41-ден 14,60-қа дейін) әлсіреді. Қаржы министрлігі ІЖӨ-ға мемлекеттік борыштың 60%-дан жоғары өсуінің алдын алу үшін шаралар қабылдау қажеттілігі туралы хабарлады;
  • Мексика песосы 0,4%-ға (19,28-ден 19,36-ға дейін) әлсіреді. Инвесторлар Мехико қаласында құны 13 млрд. АҚШ долл. болатын жаңа әуежай құрылысының жобасына қатысты жобаның күшін жою туралы өткізіліп жатқан референдумның шеңберінде алаңдаушылық танытуда;
  • Индонезия рупиясы ОБ-нің ағымдағы базалық мөлшерлемені 5,75%-дық деңгейде сақтау туралы шешімнің аясында (15 187-ден 15 217-ге дейін) 0,2%-ға әлсіреді;
  • Үндістан рупиясы 0,2%-ға (73,33-тен 73,47-ге дейін) әлсіреді;
  • Ресей рублі АҚШ Президенті Д.Трамптың Ресеймен орта және жақын қашықтағы ракеталарды жою туралы шарттан шығу ниеті туралы мәлімдеуінің аясында 0,2%-ға (65,46-дан 65,60-қа дейін) әлсіреді. РФ Орталық банкі инфляцияның өсуі жағдайында мөлшерлеменің ықтимал артуы туралы белгі беріп, базалық мөлшерлемені 7,5%-дық деңгейде сақтау туралы шешім қабылдады;
  • Түрік лирасы инфляцияның өсуі және ұлттық валютаның әлсіреуі жағдайында монетарлық саясаттың ықтимал қатаңдауына байланысты орталық банктің ағымдағы базалық мөлшерлемені 24%-дық деңгейде сақтау туралы шешімінің аясында 0,9%-ға (5,64-тен 5,59-ға дейін) нығайды.
  • Бразилия реалы әлеуметтік - либералдық партиядан президентікке кандидат Жаир Болсонарудың жеңісін күту аясында 1,9%-ға (3,71-ден 3,64-ке дейін) нығайды. Демалыс күндері ол Бразилия президентіне сайлауда жеңіске жетті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер