BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені бұрынғы деңгейде сақтап қалды

Базалық мөлшерлеме +/-1% пайыздық мөлшерлемелер дәлізімен 15% деңгейінде сақталды. Тиісінше, өтімділікті беру операциялары бойынша мөлшерлемелер 16%-ды және өтімділікті алу операциялары бойынша 14%-ды құрайды. Бұл туралы телевизиялық БАҚ үшін өткізілген брифинг кезінде ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев хабарлады.

Оның сөзінше, базалық мөлшерлеме туралы шешім қабылданған кезде мынадай факторлар есепке алынды: инфляциялық процестер, қаржы нарығының жай-күйі, сондай-ақ экономикадағы ахуал. Сонымен қатар, ортамерзімді перспективаға арналған бағалаумен кезекті болжам раундының нәтижелері ескерілді.

Қаржылық реттеуші басшысы базалық пайыздық мөлшерлеме бойынша шешім Ұлттық Банктің халыққа және қаржы секторына шаралар мен іс-қимылдарды белсенді түрде жария ету саясаты шеңберінде түсіндірілетінін атап өтті.

«Сараланған пайыздық саясатты ұстана отырып, Ұлттық Банк қаржылық тұрақтылықты сақтау үшін де, ортамерзімді перспективада баға тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін тәуекелдерді ескерді, - деп қосты Д.Ақышев. – Біздің пікірімізше, ақша-кредит саясатының өлшемдерін біртіндеп, негіздей отырып өзгерту қажет. Жағымды үрдістер айтарлықтай орнықты болуы қажет. Сонымен қатар қолайсыз тәуекелдер мүмкіндігінше ескертілуге тиіс».


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер