BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ұлттық Банк ақша қаражатын жария ету рәсімін жан-жақты түсіндіреді

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ақшаны жария ету мәселелері бойынша БАҚ-та және интернетте белсенді түсіндіру жұмысын жүргізуде. Бұл туралы бүгін ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Олег Смоляков Парламент Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде хабарлады.

Оның айтуынша, Ұлттық Банк халықтың осы науқан туралы хабардар болуын арттыру жөнінде кең ауқымды жұмысты жүйелі түрде жүргізіп отыр, ал қаржы реттеушісінің мамандары бұқаралық ақпарат құралдары арқылы ақшаны жария ету нәтижелері туралы жұртшылықты жиі хабардар ете бастады.

О.Смоляков: «Жария ету кезеңі ішінде республикалық және өңірлік БАҚ-та мемлекеттік және орыс тілдерінде 170 ақпараттық хабар дайындалды» - деген статистиканы келтірді.

Ол Ұлттық Банктің ресми порталында азаматтардың және қаржы ұйымдарының жиі қойылатын сұрақтарына жауаптар, науқанның барысы туралы статистикалық ақпарат, жария ету рәсімдеріне енгізілген өзгерістер бойынша түсіндірмелер орналастырылғанын атап өтті.

О.Смоляков қаржы реттеушісінің банктерге жария ету талаптары туралы өз клиенттерін үнемі ақпараттандыруға және тиісті мәліметтерді корпоративтік сайттарда және банкоматтарда орналастыруға, оның ішінде private banking бөлімшелерінің клиенттеріне жеке консультация беруге ұсыныс жасағанын да атап өтті.

«Ұлттық Банк тұрақты негізде ҚР ҰБ-тың филиалдарымен және банктердің дербес қызмет көрсету орталықтарымен азаматтарға жария ету туралы қажетті ақпаратты ұсынудың сапасын бақылау бойынша жұмыс жүргізуде», – деп қорытындылады О.Смоляков.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер