BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ұлттық Банк «7-20-25» бағдарламасын іске асыруға кірісті

Мемлекет басшысының Бес әлеуметтік бастамасын іске асыру аясында Ұлттық Банк «7-20-25» бағдарламасын іске асыруға кірісті, ол ағымдағы жылғы мамырда бекітілуі тиіс. Ол жөнінде Ұлттық Банк Төрағасы Данияр Ақышев «2018-2020 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер енгізу туралы» Заң жобасын қарау бойынша ҚР Парламенті Сенатының отырысынан кейін журналистердің сұрақтарына жауабында айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Ол ипотекалық кредиттерді сатып алу үшін Ұлттық Банк арнайы еншілес ұйым құрады, ол нарықтық талаптармен 1 трлн теңгеден астам қаржы тартатын болады деп атап өтті.

«Осы ақшалардың есебінен Бағдарламаның талаптары бойынша берілген ипотекалық кредиттер салып алынатын болады, ол банктердің ипотекалық портфелінің ағымдағы көлемін 2 трлн теңгеден астам екі есе ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деді Д. Ақышев, журналистерге берген жауабында.

Сөзінің соңында ол «7-20-25» Бағдарламасының негізгі талаптары: сыйақы мөлшерлемесі – жылына 7%-дан артық емес; бастапқы жарна - 20%-дан артық емес; кредит мерзімі – 25 жылға дейін екенін қайталап айтты.

«Басқа талаптары қазір банктермен және мүдделі мемлекеттік органдармен талқылануда», - деді Д. Ақышев.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер