Ұлттық қордың халықаралық резервтегі активі өсті - Қаржы|29 Тамыз 2013, 17:53
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ұлттық қордың халықаралық резервтегі активі өсті

Астана 29 тамыз. Baq.kz – Қазақстанның шілде айында халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қоса алғанда 89,8 млрд. АҚШ долларына дейін, яғни 0,3%-ға өсті. Бұл туралы Ұлттық банктің баспасөз қызметі хабарлайды.  

Алдын ала деректер бойынша 2013 жылғы шілдеде елдің халықаралық резервтері, жалпы алғанда, Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қоса алғанда 89,8 млрд. АҚШ долларына дейін 0,3%-ға өсті. Ал тамыздан бастап Ұлттық Банктің таза және жалпы халықаралық резервтері ұлғайды. Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері жедел деректер бойынша, 27.08.2013ж. жағдай бойынша 26,4 млрд. АҚШ долл. дейін 3,6%-ға артқан. Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтері 25,9 млрд. АҚШ долл. дейін 3,7%-ға өсті. Бұл ретте, елдің халықаралық резервтері, жалпы алғанда, Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қоса алғанда 2,5% өсіп, 92 млрд. АҚШ долл. жетті.

2013 жылғы шілдеде қаржы базасы 0,5%-ға, ал жыл басынан бері 7,6%-ға кеңейді. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегенде 3057,2 млрд. теңгеге дейін ұлғайған.

2013 жылғы шілдеде ақша массасы 11 681,7 млрд. теңгеге дейін 0,9%-ға ұлғайса, айналымдағы қолма-қол ақшаның көлемі 1 475,9 млрд. теңгеге дейін 3,1%-ға төмендеген. Ал банк жүйесіндегі депозиттер 10 205,8 млрд. теңгеге дейін 1,5%-ға өссе, жыл басынан бері 13,5% артқан. Ақша массасының құрылымындағы депозиттердің үлесі айналыстағы қолма-қол ақша көлемінің қысқаруы аясында депозиттер көлемінің өсуі салдарынан 2012 жылғы желтоқсандағы 85,5%-дан 2013 жылғы шілдеде 87,4%-ға дейін ұлғайды.

Ақша мультипликаторы 2013 жылғы шілдеде белгіленген ақша базасының кеңею қарқынымен салыстырғанда ақша массасының басымдықпен өсу қарқыны салдарынан 2012 жылғы желтоқсандағы 3,64-тен 2013 жылғы шілденің қорытындылары бойынша 3,76-ға дейін өсті.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер