BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ұлттық қор активтерін көбейтті

Астана. 10 желтоқсан.Baq.kz - ҚР Ұлттық қорының активі 20,7% көбейді. Бұл туралы Ұлттық банктің ресми сайтында жирияланған мәліметтеріне сілтеме жасай отырып Baq.kz тілшісі хабарлады.

Сонымен, 2012 жылдың желтоқсан айының соңына қарай ұлттық қордың активтері 57 млрд. 766 млн. АҚШ долларын құрады. Ал, 2013 жылдың қараша айының өзінде бұл көрсеткіш 69 млрд. 758 млн. АҚШ долларына жетті. Бір айда Қордың активтері соншалықты өскен жоқ, небәрі - 1,5%.
Жалпы, халықаралық резерв туралы айтатын болсақ, жағдайы мәз емес. Себебі, халықаралық резерв жыл басынан 14,8% төмендеген. Тек, 2013 жылдың қараша айында 1,6%-ға өсім байқалып, жалпы халықаралық резерв 24 млрд. 095 млн. долларды құраған.
Еркін айырбасталымды валюта (ЕАВ) активтеріне келетін болсақ, оның көлемі жыл басынан минус 16,6% қысқарыпты. 2012 жылдың аяғында ЕАВ 22 млрд. 132 млн. АҚШ долларын құраса, 2013 жылдың қараша айының соңында бұл көрсеткіш - 18 млрд. 438 млн. АҚШ доллар болды. Негізі қазан айындағы мәліметтермен салыстыратын болсақ, ЕАВ активтері қарашада 4%-ға өскен.
Жалпы, жыл басынан таза халықаралық резервтің көлемі 15,1%-ға төмендеген. Егер 2012 жылдың аяғында ол 27 млрд. 746 млн. АҚШ долларын құраса, қараша айының қортындысы бойынша - 23 млрд. 553 млн. АҚШ долларына тең.

 

Мөлдір АСҚАР 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер