BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Ұлттық банктің халықаралық резервтері жыл басынан 14,8%-ға төмендеді

Астана. 18 желтоқсан. Baq.kz – Биылғы жылдың қарашасында Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 24,1 млрд. АҚШ долл. дейін 1,7%-ға ұлғайды. Алайда ол жыл басынан бері 14,8%-ға төмендеді. Бұл туралы Ұлттық банктің сайтқа жариялаған есебіне сілтеме жасай отырып Baq.kz тілшісі хабарлайды.

Сонымен, Ұлттық Банктің таза халықаралық резервтеріне тоқсталатын болсақ, ол 1,7%-ға ұлғайып, 23,6 млрд. АҚШ долл. құрады. Ал, жыл басынан бері 15,1%-ға төмендеді. Ішкі валюта нарығында валютаны сатып алу жəне Үкіметтің Ұлттық Банктегі
шоттарына валютаның келіп түсуі банктердің Ұлттық Банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы  қалдықтардың төмендеуімен, Ұлттық қор активтерінің толықтырылуымен жəне Үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсетумен ішінара бейтараптандырылды. Нəтижесінде таза валюта қорлары (ЕАВ) 2013 жылғы қарашада 4,2%-ға ұлғайды, алтындағы активтер оның əлемдік нарықтарда бағасының төмендеуі салдарынан 5,4%-ға төмендеді.
2013 жылғы қарашада елдің халықаралық резервтері, жалпы алғанда, Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қоса алғанда (алдын ала деректер бойынша 69,8 млрд. АҚШ долл.) 93,9 млрд. АҚШ долларына дейін 1,6%-ға ұлғайды. Жалпы, бұл көрсеткіш жыл басынан бері 9,1%-ға өсті.
2013 жылғы қарашада ақша базасы 6,0%-ға тарылып, 2609,6 млрд. теңге болса, жыл басынан бері ол 9,7%-ға тарылған. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 2580,6 млрд. теңгеге дейін 6,0%-ға тарылды.
2013 жылғы қазанда ақша массасы 11680,1 млрд. теңгеге дейін 1,1%-ға ұлғайып, жыл басынан бері 11,0%-ға өскен. Керісінше, айналыстағы қолма-қол ақшаның көлемі 1437,7 млрд. теңгеге дейін 1,1%-ға азайып, жыл басынан бері 5,9%-ға төмендепті. Банк жүйесіндегі депозиттер бір айда 10242,5 млрд. теңгеге дейін 1,4%-ға өссе, жыл басынан бері 13,9%-ға артқан. 

2013жылғы қаңтар-қазанда тіркелген ақша массасының құрылымындағы депозиттердің үлесі айналыстағы қолма-қол ақша көлемінің қысқаруы аясында депозиттер көлемінің өсуі салдарынан 2012 жылғы желтоқсандағы 85,5%-дан 2013 жылғы қазанда 87,7%-ға дейін ұлғайды.
Ақша мультипликаторы 2013 жылғы қаңтар-қазанда тіркелген ақша базасының тарылуы аясында, ақша массасының үдемелі өсу қарқынының салдарынан 2012 жылғы желтоқсандағы 3,64-тен 2013 жылғы қазанның қорытындысы бойынша 4,21-ге дейін өсті.
 

Мөлдір АСҚАР 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер