BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

UBER-дің 2017 жылғы таза шығыны 4,5 млрд доллар болды

Uber Technologies Inc. компаниясы 2017 жылды 4,47 млрд доллар көлемінде таза шығынмен және 7,36 млрд доллар табыспен аяқтады. Өткен жылдың соңғы кварталында компания 1,1 млрд доллар шығынға ұшырады. Алайда, осы кезеңде түсім 12% артып, 2,26 млрд долларға жетті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі Vlast.kz сайтына сілтеме жасап.

Былтырғы жылдың қазан-желтоқсан айларында азық-түлікпен қамтамасыз ету және тасымалдау қызметтерін қоса алғанда, Uber-ге тапсырыс берудің жалпы көлемі алдыңғы кварталда 11,06 млрд долларға жетті. Бұл көрсеткіш 2016 жылмен салыстырғанда шамамен 60% жоғары.

Uber - жеке драйвері бар автомобильдерді шақыруға арналған мобильді қызметтерді дамытатын халықаралық технологиялық компания. Компания әлемнің 77 елінде 600-ден астам қалаларда қызмет көрсетеді.

2017 жылдың шілдесінде «Яндекс» Ресей, Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь және Грузиядағы Uber бизнесімен бірге такси қызметін біріктіру туралы келісті. Келісім 2018 жылдың 7 ақпанында аяқталды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
31 Желтоқсан 2018, 10:01
Доллар арзандады
Пікірлер