BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

ЦентрКредит Банкінің акциялары 20% қымбаттады

ЦентрКредит Банкінің бағалы қағаздары Қазақстандық қор биржасында (KASE) күрт қымбаттады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

1 ақпандағы cауда қорытындылары бойынша акциялардың құны 306 теңгеге (+23,4%) жетті. Бұл - соңғы бірнеше жылдағы ең жоғарғы көрсеткіш.

Cонымен қатар, «Қазақтелеком» АҚ-ның акциялары да қымбаттады (+2,3%). Халық Банкте (+0,3%) де шамалы өсім байқалды.

Ал, Астана Банкі (-0,97%), KAZ Minerals (-0,2%), Kcell (-0,6%), KEGOC (-0,1%) акциялары арзандады. Сондай-ақ, «ҚазТрансОйл» АҚ-ның (-0,5%) баға белгілеулерінен де пайыздық төмендеуді байқауға болады.
KASE индексі 1,07% артып, 2354,05 пункті құрады.

Естеріңізге сала кетсек, KASE индексі БЦК және Астана Банкімен толықтырылып, тізімге қайта оралды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер