BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Төртінші мұнай өңдеу зауытын салуға 9 млрд доллар кетуі мүмкін

Фото: national business

Осы аптада үкіметте төртінші мұнай өңдеу зауытын салу туралы ұсыныс қаралады. Мұнай-газ саласының сарапшылары бұл зауыттың Қазақстанға қаншалықты қажет екендігі туралы пікірлерін білдірді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.

Тәуелсіз сарапшы Шамиль Даурановтың пікірінше, бұл мәселеге қаржыландыруды жүзеге асыру жылдамдығы мен қаржыландырудың ашықтығы тұрғысынан қарау керек.

«Егер бұл мемлекет қаражатын шығындап, бұрынғыдай бірнеше жыл бойы шешілетін болса, онда жаңа зауыт салуды қолға алудың не қажеті бар? 2000 жылдардың басында Қазақстанда өндіргіш күштерін 2020 жылға дейін дамыту және орналастыру нобайы әзірленді. Құжатты дайындау барысына барлық министрлік, облыс әкімдері, ірі кәсіпорындар, ғылыми-зерттеу және жобалық институттар қатысты. Ол құжатта жеке инвестициялар арқылы мұнай өңдейтін бірнеше орташа зауыт салу туралы ұсыныс болды», - дейді Дауранов.

Оның айтуынша, мұндай шешім көлік құралдары шығындарын азайтып, Қазақстанның орталық және солтүстік өңірлерін жанармаймен қамтуға ықпал етуші еді.

«Алайда бұл құжат Қазақстан басшылығы тарапынан қолдау таппады. Қолданыстағы кәсіпорындарды реконструкциялау жөнінде шешімдер қабылданды. Мен сол кездегі шешу жолдары дұрыс болды деп санаймын. Мәселені жеке капитал есебінен, мүмкін Еуразиялық экономикалық одақ серіктестерімен бірлесіп шешу керек», - дейді сарапшы.

Oil Gas Project компаниясының директоры Жарас Ахметов Қазақстан мұнай өңдеу зауыттарын мұнаймен қамтамасыз ету туралы сұраққа қатысты бар мәселе оның ішкі және сыртқы бағасының айырмашылығында болып тұрғанын айтады.

«Баға тұрақтамайынша, мұнайды өңдеу тиімсіз болып табылады. Бұл жанар-жағармай бағасының өсуіне әкеп соғуы мүмкін немесе біз жанар-жағармай бағасының қымбаттауына мойынсұнамыз. Ал қарсы болған жағдайда ара-тұра жанар-жағармай тапшылығын сезіп тұратын боламыз», - дейді Ахметов.

Осы орайда «Финам» компаниясының сарапшы-талдаушысы Алексей Калачев заманауи мұнай өңдеу зауытының салынуы Қазақстан үшін өте қажет нәрсе екендігін айтты.

«Ішкі нарықтың өз отынымен тұрақты қамтамасыз етілуі өндірістің қуатын азайтады. Мұндай жағдайда еліміздегі мұнай өңдеу зауыттарында апаттық жағдай болып тұратындықтан жоспарлы жөндеу және жаңғырту жұмыстары жүргізіледі. Жаңа зауыт салған жағдайда импортқа тәуелді болмайтын мүмкіндік туындайды, ал артылған жағдайда өнеркәсіптік құрылымы азырақ дамыған көрші мемлекеттерге сатып жіберуге болады», - дейді Калачев.

Сондай-ақ, ол үлкен мұнай өңдеу зауытының салынуына 5-8 жылдай уақыт кетуі мүмкін екендігін айтты.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
31 Желтоқсан 2018, 10:01
Доллар арзандады
Пікірлер