BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Теңгемен орналастырылған банкаралық депозиттердің көлемі 26,6%-ға ұлғайды

Астана. 18 желтоқсан. Baq.kz – 2013 жылғы қазанда орналастырылған банкаралық депозиттердің жалпы көлемі 2013 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 3,1%-ға ұлғайып, баламасында 1731,6 млрд. теңге болды, - деп ҚР Ұлтттық банкі ақпарат таратты.

Теңгемен орналастырылған банкаралық депозиттердің көлемі 26,6%-ға ұлғайды жəне 130,4 млрд. теңге болды. Бұл өз кезегінде орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 7,5% құрады. Ал, осы ретте теңгемен орналастырылған банкаралық депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2013 жылғы қазанда 1,43%-дан 2,06%-ға дейін өсті.
2013 жылғы қазанда 2013 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда доллармен орналастырылған депозиттердің көлемі 15,8%-ға ұлғайып, 10,0 млрд. АҚШ долл. болды. Депозиттің бұл түрі орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінің 89,3% құрады. Жалпы, доллармен орналастырылған депозиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2013 жылғы қазанда 0,13%-дан 0,08%-ға дейін төмендеді.
Ресей рублімен жəне еуромен депозиттерге орналастыру көлемі көп емес – орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінен тиісінше 3,0% жəне 0,2%. Шетел валютасындағы банкаралық депозиттердің үлесі 2013 жылғы қазанда орналастырылған депозиттердің жалпы көлемінен 93,9%-дан 92,5%-ға дейін азайды. Шетел валютасымен резидент емес банктерде орналастырылған депозиттердің үлесі орналастырылған банкаралық депозиттердің жалпы көлемінен 92,4%-дан 90,7%-ға дейін
азайды.
Ұлттық Банк банктерден тартқан депозиттердің көлемі 2013 жылғы қазанда 2013 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда өзгермеді жəне 82,5 млрд. теңгені құрады.

 

Мөлдір АСҚАР
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
12 Желтоқсан 2018, 10:03
17 млн-дай теңгемен саудаға...
Пікірлер