Теңгемен несие беру көбейеді - Қаржы|22 Тамыз 2013, 18:17
BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Теңгемен несие беру көбейеді

Астана 23 тамыз. Baq.kz - «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ теңгемен несие беру көлемін көбейтеді. Бұл туралы Baq.kz тілшісі хабарлайды.
 

Шетел валютасында несие алған кәсіпкерлер 2007 жылғы дағдарыстан кейін тоқырауға ұшырады. Басты себеп - олардың кіріс көлемі теңгемен өлшенсе, кәсіпорын ішкі нарықта өз өнімін ұлттық валютаға сатқан. Бизнес саласында бұл өте қауіпті тенденция. Шетел валютасының бағамына қарай валюталық қатер төнбес үшін, кәсіпкерлердің теңгемен қарыз алғандары маңызды. Осыған орай "Даму" қоры шағын және орта бизнестің субъектілеріне теңгемен қарыз беру саласында бірқатар жүйелі жұмыстар жүргізген болатын. Өткен жылы «Даму» қоры азиялық "Даму"банкімен 500 мың долларға келісім шартқа отырды. Банк алғаш рет тарихында Қорға қарызды теңгемен берді. Оның 150 мың долларын Қоғам Альянс банк, Казкоммербанк және Центркредит банктерінде орналастырды. Қазіргі таңда бұл ақша толығымен игерілген. Осылайша несие беруші мен несие алушы да валюталық тәуекелден қорықпай жұмыс істеуге мүмкіндік алды.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрайымы Ләззәт Ибрагимованың айтуынша, жоба келер жылы да өз жалғасын таппақ. Қазіргі таңда банктерді іріктеу жұмыстары жүзеге асырылуда. Жылдың басында кәсіпкерлікті дамыту қоры 150 мың доллар көлемінде үш-төрт банкке теңгемен қарыз беретін болады.
 


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
Пікірлер