BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары USD 384.53 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары EUR 432.02 BAQ.kz - Қазақстан жаңалықтары RUB 5.9
Астана:

Теңге нығая түсті

Фото: ашық дереккөзден

2018 жылғы 14 қыркүйектегі сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір АҚШ доллары үшін бір апта ішінде 0,5%-ға нығайып (375,62-ден), 373,65 теңге деңгейінде қалыптасты. Бұл туралы Ұлттық банктің 2018 жылғы 7 қыркүйектен 14 қыркүйек аралығындағы жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолуында айтылған, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Сыртқы валюталық нарық тұрғысынан 2018 жылғы 7 қыркүйектен 14 қыркүйек аралығында маңызды оқиғалар сауда-саттық келіссөздерді қайта бастауға қарамастан АҚШ Президенті Д.Трамптың қытай тауарларына дереу қосымша баждар енгізу қажеттілігіне қатысты екінші қайтара мәлімдеулері, Англия Банкі мен ЕОБ-нің ағымдағы базалық мөлшерлемелерді сақтау туралы шешімі, Англия Банкі және ЕОБ-нің төрағалары Марк Карни мен Марио Драгидің экономикалық тұрақтылық және монетарлық саясат туралы түсініктемелері, тұтыну бағасының, бөлшек сауданың және өнеркәсіптік өндірістің өсуі бойынша экономикалық деректерді жариялау болды. Аталған факторлар АҚШ доллары бағамының әлемдік нарықтарда әлсіреуіне әкелді.

Дамушы елдердің валюта бағамдарының АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:

Бразилия реалы қазан айында өтетін президенттік сайлауларға байланысты белгісіздік аясында 2,7%-ға (4,06-дан 4,17-ге дейін) әлсіреді. Бразилияның Президентіне кандидат Жаир Болсонару отадан кейін оңалуға байланысты президенттік сайлаудың бірінші турына қатыса алмайды. Бұрынғы Президент Луис Лула да Силва «Еңбекшілер партиясының» кандидатурасы Фернандо Хаддаданы көпшілік алдында қолдады;

Үндістан рупиясы 0,2%-ға (71,74-тен 71,86-ға дейін ) әлсіреді. Жұма күні үкімет отандық компаниялардың шетелдік инвесторларға арналған борыштың шығарылымын жеңілдетуді және импортты шектеуге байланысты сауда –саттық теңгерімін реттеуді қоса алғанда, валюта бағамын қолдауға арналған шаралар туралы ақпараттандырды;

Индонезия рупиясы бір апта ішінде айтарлықтай өзгеріссіз бір АҚШ доллары үшін 14807-14820 рупий деңгейінде саудаланды;

Оңтүстік Африка рэнді 2%-ға (15,24-тен 14,93-ке дейін) нығайды. Moody’s рейтингтік агенттігінің түсініктемелеріне сәйкес, ағымдағы жылғы наурызда тәуелсіз кредиттік рейтингті соңғы рет қайта қарау сәтінен бастап ахуал айтарлықтай өзгерген жоқ және Ваа3 деңгейі «тұрақты» болжаммен әділ болып қалады. Алайда, ел өзінің борыштық нарығының болашақта төмендеуінің алдын алу үшін оны тұрақтандыруы тиіс;

Мексика песосы 2,2% -ға (19,32-ден 18,89-ға дейін) нығайды. Қаржы министрі Хосе Антонио Гонсалес Анайя Канадамен уағдаластық болмаған жағдайда АҚШ-пен екіжақты сауда –саттық шартын бекітуге әзір екенін мәлімдеді;

Ресей рублі Ресей ОБ-нің базалық мөлшерлемені 2014 жылдан бері алғашқы рет 7,5%-ға дейін 0,25%-ға көтеру туралы шешімінің аясында 2,5%-ға (69,90-нан 68,16-ға дейін) нығайды. АҚШ үкіметінің ресейлік мемлекеттік борышпен операцияларға жаңа санкциялар енгізуі инвесторлар үшін бұрынғыдай негізгі қауіп болып қалып отыр;

Түрік лирасы Түркия Президенті Т.Эрдоғанның мөлшерлемені төмендету қажеттілігі туралы мәлімдемесіне қарамастан, Түркия Орталық банкінің базалық мөлшерлемені 24%-ға дейін 6,25%-ға көтеру туралы шешімі аясында 3,7%-ға (6,41-ден 6,17-ге дейін) нығайды.


Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас сілтемелер:
30 Желтоқсан 2018, 18:34
500 МЫҢ ТЕҢГЕ АЙЛЫҚ ТІЛЕЙМІН!
Пікірлер